14 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №640

234 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2015 жылғы 28 мамыр,  Астана қаласы Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы   «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Мыналар: 1) «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 4) «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес; 5) «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес; 6) «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 315 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9622 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 6 тамызда, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 5 ақпанда № 23 (28501) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А.РАУ. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы №640 бұйрығына 1-қосымша «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – ХҚКО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына берілетін аттестат (бұдан әрі - аттестат); 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 72 бабы, 6 тармағымен қарастырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – Заң); Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру электронды нысанда. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлеріңіз) іс-әрекет тәртібінің сипаттауы 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіз Қазақстан Респуб­ликасының нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 тіркелген «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес (бұдан әрі - стандарт), электрондық өтініш және (немесе) өтініш беру болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері екі сағат ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшының қарауына береді, бұл ретте өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді; 3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және салалық Басқарма басшысына орындауға жібереді; 4) салалық басқарма басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды және орындаушыға жібереді; 5) орындаушы он үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және қарауға ұсынылған құжаттарды қарауды жүзеге асырады (ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне жасалу (рәсімделу) дұрыстығын тексереді), өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беруге шешімді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді; 6) салалық басқарма басшысының екі сағат ішінде аттестат беруге не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі; 7) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының екі сағат ішінде аттестат беруге не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі; 8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының (не оны алмастыратын адам) 2 сағат ішінде аттестат беруге арналған шешімге не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы; 9) екі сағат жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу және беру. 6. Мынадай рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастаудың негізі ретінде қолданылатын мелекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-әрекеттер) нәтижесі: 1) құжатты тіркеу; 2) басшының бұрыштамасы; 3) жауапты орындаушысын тағайындау; 4) қарастыруға қабылдау немесе қарастырудан бас тарту; 5) аттестатты немесе бас тарту дәйекті жауапты ресімдеу; 6) көрсетілетін мемлекеттік қызмет шешіміне қол қою; 7) көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз) өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттауы 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тартылған: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы; 3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары; 4) салалық басқарманың басшысы; 5) басқарманың жауапты орындаушысы. 8. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері (қызметкерлері) арасындағы ресімдерді (іс-әрекеттерді) сипаттау: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарын қабылдауы және кіріс нөмірі мен қабылдау күнін көрсету арқылы кіріс хат-хабарды тіркеу журналына тіркеуі. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының жетекшілік ететін орынбасарының қарастыруына тапсыруы. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 3) басшысының орынбасарының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының орындауына тапсыруы. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 4) көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының қарастыруы және орындаушыны тағайындауы. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 5) көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы, рұқсат беруге шешімдә не электрондық түрде бас тарту туралы дәйекті жауапты ресімдеуі. Орындау ұзақтығы – он үш жұмыс күн; 6) көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысының рұқсатты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауапты тексеруі және келісуі. Орындау ұзақтығы – екі сағат. 7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы шешімді келісуі. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының (немесе оны ауыстыратын тұлғаның) мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы қабылданған шешімге қол қоюы. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі – МДБ) беру не электрондық форматта ресімделіп, қағазға шығарылып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады. Орындау ұзақтығы – екі сағат. 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібінің, сондай-ақ, ақпараттық жүйелерді мемлекеттік қызмет көрсету процесінде пайдалану тәртібінің сипаттауы 9. Көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО арқылы өтініш беру тәртібін, сұранысты өңдеу ұзақтығын сипаттау: 1) ХҚКО қабылдау жедел қызмет көрсетілмей, «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы кезінде портал арқылы электрондық кезектің «брондалуы» мүмкін. ХҚКО операторы құжаттар топтамасын қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасымен (бұдан әрі – ЗТ МДБ) деректерін салыстырып тексереді және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді. ХҚКО операторы, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде жазылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті барлық құжатты қабылдаған кезде, ХҚКО операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді. 2) ХҚКО көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан көп емес; 3) Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі стандарттың 9-тармағына сәйкес. Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, ХҚКО операторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 10. ХҚКО біріктірілген ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының сұранысын тіркеген және өңдеген кезде ХҚКО жұмыскерлерінің іс-әрекеттерін сипаттау: 1) ХҚКО Операциялық залының жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданған құжаттарды құжаттар түскен күн ішінде жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады (15 минут); 2) ХҚКО жинақтау секторының жұмыскері (маманы) құжаттарды дайындап көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін ХҚКО курьеріне тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді (құжаттар қабылданған күн ішінде); 3) көрсетілетін қызметті беруші он үш жұмыс күні ішінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды; 4) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО курьеріне төрт сағат ішінде тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО курьері көрсетілетін қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп белгі қояды; 5) ХҚКО курьері ХҚКО-ның жинақтау секторының жұмыскеріне (маманына) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тапсырады (екі сағат); 6) ХҚКО жинақтау секторының жұмыскері (маманы) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қабылдайды және ХҚКО жинақтау секторының маманына жібереді (бір сағат); 7) талон негізінде және жеке куәлігін және/немесе сенімхат ұсынған жағдайда, ХҚКО жинақтау секторының маманы қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді (он бес минут); 8) егер де қызмет алушы көрсетілген қызметтің қорытындысын алуға көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда, ХҚКО оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. 11.Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі және рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) жүйелілігі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 1, 2-диаграммаларында көрсетілген. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат алу үшін арыз бергенде: 1) қызмет алушы порталда өзін тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады); 2) 1-үрдіс – қызмет алушының мемлекеттік қызметті алу үшін порталда ЖСН/ БСН және парольді енгізуі (авторластыру үрдісі); 3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы қызмет алушы туралы тіркелген деректердің түпнұсқалылығын тексеру; 4) 2-үрдіс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде байқалған бұзушылықтарға байланысты авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 5) 3-үрдіс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұраныс нысанына электрондық түрде қажетті құжаттарды тіркеумен нысандарды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ сұранысты қанағаттандыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркелген куәлігін таңдауы; 6) 2-шарт –ЭЦҚ тіркелу куәлігінің жарамдылық мерзімін және оның тізімде болуы не болмауын (жойылуын), сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және электрондық цифрлық қолтаңбасы тіркелу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН) сәйкестігін порталда тексеру; 7) 4-үрдіс – қызмет алушының ЭСҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны жасау; 8) 5-үрдіс – электрондық құжаттарды (қызмет алушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ-да сұрауды өңдеу; 9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі; 10) 6-үрдіс – «Е-лицензиялау» МДБ арқылы көрсетілген қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойыла отырып құрастырылады; Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық іс-қимылдар және шешімдер: 1) 1- үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің «Е-лицензиялау» МДБ арқылы логин мен пароль (авторизациялау үрдісі) енгізуі; 2) 1- шарт – логин мен пароль арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тіркелгендігі туралы деректердің түпнұсқалылығын «Е-лицензиялау» МДБ арқылы тексеру; 3) 2-үрдіс - осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламентте берілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіні таңдау, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұраныс нысанын экранға шығару және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізуі; 4) 3-үрдіс – «электронды үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді сұрауды ЗТ МДБ жіберу; 5) 2-шарт – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МДБ болуын тексеру; 6) 4-үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің ЗТ МДБ болмауына байланысты мәліметтерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыпастыру; 7) 5-үрдіс – қағаз түріндегі құжаттардың болуы туралы белгілеу бойынша сұраныс нысанын толтыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканирлеуі және оларды сұраныс нысанына тіркеуі; 8) 6- үрдіс – сұранысты «Е-лицензиялау» МДБ-да тіркеу және өңдеу; 9) 3-шарт – мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру үшін негіздемелерге сәйкестігін тексеру; 10) 7-үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеуі; Өтінішті өңдегеннен кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі былай ұсынылады: мемлекеттік көрсетілетін қызмет тарихындағы «кіріс құжатын қарау» батырмасын басқаннан кейін – сұраныс нәтижесі дисплей экранына шығады; «сақтау» батырмасын басқаннан кейін – сұраныс нәтижесі тұтынушының «Adobe Acrobat» форматындағы магниттік тасығышында сақталады. 12. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің кезектілігін, халыққа қызмет көрсету орталығымен және мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін жан-жақты сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара іс-әрекеттің №1 диаграммасы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара іс-әрекеттің №2 диаграммасы Шартты белгіленулер: Бастапқы хабарлама Үрдіс Соңғы хабарлама Шарт Аралық хабарлама Басқару ағыны Соңғы қарапайым оқиға Хабарлама ағыны Қателік Соңғы тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат Ақпараттық жүйе «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-үрдістерінің анықтамалығы «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 28 мамырдағы №640 бұйрығына 2-қосымша «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет), Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі - ХҚКО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне - қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу (бұдан әрі - декларацияны тіркеу). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру электронды нысанда. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз) іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіз Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 тіркелген «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес (бұдан әрі - стандарт), электрондық өтініш және (немесе) өтініш беру болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері екі сағат ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші басшының қарауына береді, бұл ретте өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртабаны қойылады; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді; 3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және салалық Басқарма басшысына орындауға жібереді; 4) салалық басқарма басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қойылатын талаптарға сәйкестігіне қарайды және орындаушыға жібереді; 5) орындаушы күнтізбелік он үш күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және қарауға ұсынылған құжаттарды қарауды жүзеге асырады (ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне жасалу (рәсімделу) дұрыстығын тексереді), декларацияны тіркеу шешімді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді; 6) салалық басқарма басшысының екі сағат ішінде декларацияны тіркеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі; 7) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының екі сағат ішінде декларацияны тіркеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты келісуі; 8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының (не оны алмастыратын адам) екі сағат ішінде декларацияны тіркеу шешімге не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы; 9) екі сағат жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу және беру. 6. Мынадай рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастаудың негізі ретінде қолданылатын мелекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-әрекеттер) нәтижесі: 1) құжатты тіркеу; 2) басшының бұрыштамасы; 3) жауапты орындаушысын тағайындау; 4) қарастыруға қабылдау немесе қарастырудан бас тарту; 5 декларацияны тіркеу немесе бас тарту дәйекті жауапты ресімдеу; 6) көрсетілетін мемлекеттік қызмет шешіміне қол қою; 7) көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз) өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісіне көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) жұмылдырылған: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы; 3) басшының бағыттаушы орынбасары; 4) салалық басқарма басшысы; 5) салалық басқарманың жауапты орындаушысы. 8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті іс-шаралардың (іс-әрекеттердің) сипаттамасы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9 тармағында қарастырылған құжаттарын қабылдауы және кіріс нөмірі мен қабылдау күнін көрсету арқылы кіріс құжаттамасын тіркеу журналына тіркеуі. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарының қарастыруына тапсыруы. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 3) басшысының бағыттаушы орынбасарының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыруы және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының орындауына тапсыруы. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 4) көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысының қарастыруы және орындаушыны тағайындауы. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 5) көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын бір күн ішінде қарастыруы және толықтығын тексеруі, құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда орындаушы қарастырудан бас тартуды дайындайды, егер қарастыруға қабылданған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу электронды түрде рәсімделеді. Орындау ұзақтығы – төрт жұмыс күн; 6) көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысы құжаттарды және мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттің заңнамаға сәйкестік нәтижесін қарастырып, рәсімделген құжатты келісімдейді. Орындау ұзақтығы – екі сағат. 7) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарының мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы қабылданған шешімді келісімдеуі. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 8) көрсетілетін қызметті беруші басшысының (немесе оның орынбасарының) мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы қабылданған шешімге қол қоюы. Орындау ұзақтығы – екі сағат; 9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі – МДБ) беру немесе электрондық форматта рәсімделіп, қағазға шығарылып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады. Орындау ұзақтығы – екі сағат. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекеттер тәртібінің, сондай-ақ, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы 9. Көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО арқылы өтініш беру тәртібін, сұранысты өңдеу ұзақтығын сипаттау: 1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО өтініш береді; ХҚКО қабылдау жедел қызмет көрсетілмей, «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы кезінде портал арқылы электрондық кезектің «брондалуы» мүмкін. ХҚКО операторы құжаттар топтамасын қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасымен (бұдан әрі – ЗТ МДБ) деректерін салыстырып тексереді және түпнұсқаларын көрсетілетін қызқметті алушыға қайтарып береді. ХҚКО операторы, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде жазылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті барлық құжатты қабылдаған кезде, ХҚКО операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді. 2) ХҚКО-да көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы – жиырма минуттан көп емес; 3) Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі стандарттың 9-тармағына сәйкес. Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, ХҚКО операторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 10. ХҚКО біріктірілген ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының сұранысын тіркеген және өңдеген кезде ХҚКО жұмыскерлерінің іс-әрекеттерін сипаттау: 1) ХҚКО операциялық залының жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданған құжаттарды құжаттар түскен күн ішінде жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады (он бес минут); 2) ХҚКО жинақтау секторының жұмыскері (маманы) құжаттарды дайындап көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін ХҚКО курьеріне тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді (құжаттар қабылданған күн ішінде); 3) көрсетілетін қызметті беруші бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды; 4) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО курьеріне төрт сағат ішінде тапсырады. Бұл ретте, ХҚКО курьері көрсетілетін қызмет берушіден құжаттарды алғаны туралы уақыты мен күнін көрсетіп белгі қояды; 5) ХҚКО курьері ХҚКО жинақтау секторының жұмыскеріне (маманына) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тапсырады (екі сағат); 6) ХҚКО жинақтау секторының жұмыскері (маманы) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қабылдайды және ХҚКО жинақтау секторының маманына жібереді (бір сағат); 7) талон негізінде және жеке куәлігін және/немесе сенімхат ұсынған жағдайда, ХҚКО жинақтау секторының маманы қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді (он бес минут); 8) егер де қызмет алушы көрсетілген қызметтің қорытындысын алуға көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда, ХҚКО оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. 11. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі және рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) жүйелілігі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 1, 2-диаграммаларында көрсетілген. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу үшін арыз бергенде: 1) қызмет алушы порталда өзін тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) арқылы жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады); 2) 1-үрдіс – қызмет алушының мемлекеттік қызметті алу үшін порталда ЖСН/ БСН және парольді енгізуі (авторластыру үрдісі); 3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы қызмет алушы туралы тіркелген деректердің түпнұсқалылығын тексеру; 4) 2-үрдіс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде байқалған бұзушылықтарға байланысты авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; 5) 3-үрдіс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраным нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұраныс нысанына электрондық түрде қажетті құжаттарды тіркеумен нысандарды толтыруы (деректерді енгізуі), сондай-ақ сұранысты қанағаттандыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркелген куәлігін таңдауы; 6) 2-шарт –ЭЦҚ тіркелу куәлігінің жарамдылық мерзімін және оның тізімде болуы не болмауын (жойылуын), сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және электрондық цифрлық қолтаңбасы тіркелу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН) сәйкестігін порталда тексеру; 7) 4-үрдіс – қызмет алушының ЭСҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны жасау; 8) 5- үрдіс – электрондық құжаттарды (қызмет алушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ-да сұрауды өңдеу; 9) 3- шарт – көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі; 10) 6- үрдіс – «Е-лицензиялау» МДБ арқылы көрсетілген қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойыла отырып құрастырылады; Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық іс-қимылдар және шешімдер (мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) осы регламентке 2-қосымшада берілген: 1) 1- үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің «Е-лицензиялау» МДБ арқылы логин мен пароль (авторизациялау үрдісі) енгізуі; 2) 1- шарт – логин мен пароль арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тіркелгендігі туралы деректердің түпнұсқалылығын «Е-лицензиялау» МДБ арқылы тексеру; 3) 2-үрдіс - осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламентте берілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіні таңдау, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұраныс нысанын экранға шығару және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізуі; 4) 3-үрдіс – «электронды үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі – ЗТ МДБ) жіберу; 5) 2-шарт – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МДБ-да болуын тексеру; 6) 4-үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің ЗТ МДБ-да болмауына байланысты мәліметтерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыпастыру; 7) 5-үрдіс – қағаз түріндегі құжаттардың болуы туралы белгілеу бойынша сұраныс нысанын толтыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканирлеуі және оларды сұраныс нысанына тіркеуі; 8) 6- үрдіс – сұранысты «Е-лицензиялау» МДБ-да тіркеу және өңдеу; 9) 3-шарт – мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру үшін негіздемелерге сәйкестігін тексеру; 10) 7-үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеуі; Өті