ПЕТРОПАВЛ. 14 сәуір. Қызылжар өңірінің прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 50,5 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Биыл жер заңнамаларын қолдану саласындағы заңдылықты сақтау бағытында прокурорлық қадағалау актілері бойынша жалпы кадастрлық құны 3,1 млрд теңгені құрайтын 50,5 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды» делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған салада 6 тексеріс жүргізіліп, 93 заң бұрмалаушылық анықталды. 21 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жер телімдерін жалға алушылардан бюджетке 10,5 млн теңге өндіріліп алынды.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Фото: egemen.kz.
• 14 Сәуір, 2016
Солтүстік Қазақстанда 50,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше