ПЕТРОПАВЛ. 14 сәуір. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемес мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан «Мейірімді істер» атты топ құрылып, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуді басты мақсат етіп отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыс орталығында «Қоғамдық бастамалар» жобасы көп жылдан бері белсенді жүзеге асырылып келеді. Оның құрамындағы еріктілердің бастамашылдығымен жуырда «Мейірімді істер» атты топ ұйымдастырылып, алғашқы қайырымдылық шарасы мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайымен, тұрмысымен жақынырақ танысуға арналды. № 1 арнайы түзету мекемесінде бүлдіршіндерге ақ қағаздар мен шарлар беріліп, тілектер жазылды. Мұндай арт-терапиялық әдіс арқылы баланың ұшқыр қиялын дамытып, жалпы жағдайына оң әсер тигізуге болатынын психологтар дәлелдеген.
Аталмыш топқа еріктілермен қатар «Нам слово» шығармашылық бірлестігінің өкілдері де тартылып, шағын концерт қойды. Ал Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің студенттері психологиялық тренингтер өткізді.
Ұйымдастырушылар бір реттік шарамен шектелмей, алдағы уақытта кең ауқымда өткізуді жоспарлап отыр.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz.
Фото: voxpopuli.kz.
• 14 Сәуір, 2016
Петропавлда «Қоғамдық бастамалар» жобасы белсенді жұмыс істеуде

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше