АСТАНА. 14 сәуір. Мексиканың батысындағы Мичоакан штатында қылмыскерлерге қарсы арнайы операциялар жүріп жатыр. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аймақтың губернаторы Сильвано Ауреолестің айтуынша, заңға қайшы әрекет еткен 30 қылмыскер ұсталған. Арнайы операция жұмыстарына 1 мыңнан аса полиция қызметкерлері және бірнеше тікұшақ жұмылдырылды.
«Бастаған ісіміз нәтижелі аяқталып жатыр. Бүгінге дейін 31 адам ұсталды. Алдағы уақытта Мичоаканда қылмыстық топтар болмайды. Барлық жағдайды өз назарымызда бақылаймыз. Ендігі кезекте қылмыскерлер жазасыз қалмайды», – деді Сильвано Ауреолес
Айта кетейік, Мексика зорлық-зомбылық жиі болып тұратын мемлекеттердің бірі. Аталған штатта «Халиско – жаңа буын», «Кабальерос темплариос» сияқты ірі есірткі тасымалдайтын ұйымдар бар.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: vz.ru.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше