14 Сәуір, 2016

Ірі көлемде есірткі тасымалдағандар қолға түсті

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-04-2016 cocainАСТАНА. 14 сәуір. Колумбия мен Эквадор елдерінің шекарасынан заңсыз жолмен 6 тонна кокаин тасымалдамақ болғандар қолға түсті. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабрлады. Колумбия мен АҚШ-тың күштік құрылым өкілдері бірігіп арнайы операция жүргізген. Іс барысында аталған шекарадан 250 миль қашықтықта сүңгуір қайыққа есірткі тиеп жатқан 3 адам ұсталды. «Су көлігінде 3 экипаж мүшесі болды. Екі адам Колумбия азаматы болса, біреуі мексикалық. Тәртіп сақшылары келіп жеткенде қашып кетпек болып әрекеттенген. Алайда, бұл ойлары жүзеге аспады», – деп хабарлады Notimex агенттігі. Айта кетейік, Колумбия мемлекеті Перу және Боливиямен бірге заңсыз есірткі тасымалдау қылмысы бойынша, алдыңғы қатардағы елдердің бірі. Осы жылдың басынан бері полиция қызметкерлері арнайы операция кезінде 34 тонна есірткі тәркіледі. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: vesti.az.