ҚАРАҒАНДЫ. 14 сәуір. Қарағанды облысында Шет және Ақтоғай аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Президент Әкімшілігінің және депутаттардың келісуімен, облыс әкімінің өкімімен Шет ауданының әкімі лауазымына Марат Жандәулетов тағайындалды.
Марат Жандәулетов 1957 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша химия пәнінің мұғалімі және саясаттанушы.
Еңбек жолын Қарағанды облысындағы Ақтас кентінде мұғалім болып бастаған. 1984-1991 жылдары партиялық қызметте болды. 1991 жылдан бері мемлекеттік кызметте.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Жаңаарқа ауданының әкімі аппаратының референті қызметінен бастап, кейін аталған аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл тағайындауға дейін Жаңаарқа ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Сондай-ақ, Президент Әкімшілігінің және депутаттардың келісуімен, облыс әкімінің өкімімен Ақтоғай ауданының әкімі лауазымына Салтанат Әбеуова тағайындалды.
Салтанат Әбеуова мамандығы бойынша «орта мектептердегі неміс және ағылшын тілдері пәнінің мұғалімі». Алматы педагогикалық шет тілдер институтын тәмамдаған.
Ақтоғай ауданындағы Қызыларай селосында неміс тілі пәнінің мұғалімі ретінде еңбек жолын бастап, комсомол, партия ұйымдарында қызмет етті. 1992 жылы Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратына қызметке қабылданып, түрлі лауазымдарда, оның ішінде, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. Аудан әкімінің орынбасары, кейін Ақтоғай ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
Бұл тағайындауға дейін Қарағанды облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама ісі басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
• 14 Сәуір, 2016
Қарағанды облысында екі ауданның әкімдері тағайындалды

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35