15 Сәуір, 2016

Озаттардың олжасы – стипендия

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарқаралы ауданының әкімдігінде жергілікті ауыл­шаруашылық колледжінің студенттеріне Мыңжасар Әдекенов атындағы стипендия және сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті. Шараға Қарқаралы ауданының әкімі Х. Мақсұтов, Қарағанды облыстық білім басқармасының басшысы А. Аймағамбетов, «Фи­тохимия» халықаралық ғылы­ми-өндірістік холдингінің бас­қарма төрағасы, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері С.Әдекенов және Мың­жасар Әдекенов атындағы ауыл­шаруашылық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. 2015 жылдың желтоқсанында дарынды студенттерді қолдау мақ­сатында облыстың білім бас­қармасы «Мыңжасар Әдекенов атын­дағы стипендия» тағайындап, өңірдегі ауылшаруашылық және агро­техникалық колледждер арасын­да конкурс жарияланған болатын. Байқау қорытындысында М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжінің екі студенті Дамира Рысбай мен Рауан Қордабай ие болды. Жиырма мың теңге көлеміндегі ай сайын берілетін стипендиялық грантты оқу жылы ішінде «М. Әдекенов атындағы корпоративтік қор» төлеп отырады. Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі 80 жылдан астам тарихында ауыл шаруашылығының 15 мыңнан астам білікті маманын даярлап шығарған қабырғалы білім ұясы. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы