Ұлттық музейде Астана мектептері оқушыларының қатысуымен асық атудан ашық турнир өткізудегі мақсат ұлттық ойындарды насихаттап, өскелең жас ұрпақтың халқымыздың салт-дәстүрлерін терең біліп өсуіне мол мүмкіндік туғызу деп атап көрсетілді. Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатыбалдин асық ату ойынының маңыздылығы туралы айта келіп, көпшілікті қазақтың ұлттық ойындарын қолдауға үндеді.
– Асық ойыны негізінен баланы мергендікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Қазақ: «Қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» деп бекер айтпаған. Ұлттық тәрбие ұлттық ойыннан келіп шығады. Кешегі қиын кезеңдерде ұлттық болмысымыздың тамырына балта шабыла жаздаған небір жөнсіз шабуылдарды бастан кештік. Тәуелсіз ел болып, өз еркіміз өз қолымызға тигенде ата-бабаларымыздан қалған құнды мұраларымызды қайта жаңғырту, насихаттау біздің басты борышымыз. Біз бұл жобаны ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай өткізіп отырмыз, – деді А.Сатыбалдин.
Турнирде Астана қаласының орта мектеп оқушылары өзара сайысқа түсіп, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.
Тағы бір айта кететін жайт, шараны «Асық ату» федерациясымен бірге Ұлттық музейдің музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің эстетикалық тәрбие беру секторы ұйымдастырды.
Қаршыға КҮЛЕН

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35