Таяуда «Конгресс-холл» сарайында Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар жалыны – 2016» атты шығармашыл жастар фестивалінің жабылу салтанатына арналған гала-концерт өтті. Осымен төртінші жыл ұйымдастырған бұл дәстүрлі шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орайластырып өткізілді.
Мұндай шаралар жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттырып қана қоймай, дарынды жастарды анықтау және Тәуелсіздік тағылымын таныта отырып, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуге шақырады. «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ф.Қуанғанов фестиваль жеңімпаздары мен қатысушыларына, сонымен бірге, елордалық студенттерге партия атынан жеңіс тілеп, үлкен сенім білдірді.
Айта кетейік, негізгі шара аясында 10 аталым бойынша әртүрлі байқаулар өткізілді. Мәселен, «Эстрадалық ән байқауы», «Ең үздік еріктілер жобасы», «Ең үздік бейнеролик», «Ең үздік студенттік клуб», «Квест», «Не? Қайда? Қашан?», «Ең үздік халықтық және заманауи би», «Ең үздік жанкүйерлер», «Авторлық оқу» және «Музыка аспаптарында ойнау» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталып, депутаттар мен танымал өнер және мәдениет қайраткерлерінің қолынан салтанатты түрде арнайы дипломдармен марапатталды.
Әсіресе, гала-концерттің көрігін қыздырған қазақстандық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Димаш Құдайбергенов, ағайынды Жүгінісовтер, Дос, Кұрмаш Махан, Ибрагим Ескендір және т.б. сахнадағы жастардың жастық жалыны мен жанкүйерлік қырларына ризашылық сезімдерін білдіріп, ақ жол тілеп жатты.
Фестивальға елорданың 10 жоғары және 14 кәсіптік-техникалық оқу орнынан 1000-нан аса студент қатысты. Жыл сайын өтетін «Жастар жалыны» фестивалі Астананың дарынды, белсенді және мақсаткер жастары үшін сүйікті мейрамға айналып отыр.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35