Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Абай Байгенжин бастаған ғалым-дәрігерлермен кездесті. Өткен жылы елімізде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындыланып, соның нәтижесінде таяудағы төрт жылға арналған «Денсаулық» бағдарламасы қабылданғаны белгілі.
Өңір басшысы осы бағдарлама аясында облыста «Ақтөбе Медикал Центр» медициналық кластері құрылатынын, оның еліміздің батыс аумағын медициналық қызметпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
Түрік инвесторының аймақтың медициналық жедел жәрдем көмегін дамытуға 5,5 миллиард теңге салуды жоспарлап отырғанын айту орынды. Бұл қаржыға толық жарақтандырылған бас бекет салынады, 35 су жаңа реанимобиль жеткізіледі және бірыңғай диспетчерлік қызмет құрылады. Бұдан басқа, жедел жәрдем машинасын жинайтын зауыт салынады, қатерлі ісік аурулары үшін дәрілер өндірісі жолға қойылады деп күтілуде.
Облыс әкімі мемлекет және жекеменшік әріптестігі аясында «Дару» клиникасында қалыпқа келтіру және сауықтыру көмектері көрсетілетінін жеткізді.Ауруларды анықтау және емдеу үшін тиімді зертханалық қызмет құрылатынын, медициналық кластер аясында облыстың барлық медициналық мекемелері болашақта тиісті бағыттар бойынша қайта маманданатынын атап өтті.
Өз кезегінде «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжин екі күн ішінде делегация мүшелері бірқатар медициналық мекемелерде болғанын, олардың материалдық-техникалық базаларына және кадрлық құрамына тәнті болғанын айтты. Ол облыстағы осындай мүмкіндік бола тұра, облыстың жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша соңғы орындарда келе жатқанын да жасырмады. Емдеу мекемелеріндегі осы заманғы озық медициналық қондырғыларды толық қуатында пайдалану, ота жасаудың нормативтік өлшемдерін сақтау мәселелерін қозғады. Облыстың денсаулық саласымен байланысты алда да нығайта түсетіндерін айта келіп, алдағы уақытта осында шеберлік кластарын өткізетіндерін, скрининг жүргізілетінін, тез медициналық көмекті қажет ететін жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратындарды өздерінде емдейтіндерін жеткізді. Соның бәрі жергілікті бюджетке салмақ түсірмей, өз қаржыларына жүргізілетінін атап өтті.
Кездесу соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Ұлттық медициналық орталық» АҚ арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35