Оңтүстік Қазақстан облысынан азық-түлік өнімдерін және өнеркәсіп тауарларын артқан керуен Ақтөбеге атбасын тіреді. «Қоныс» спорт сарайында ұйымдастырылған екі облыстың өнеркәсіп өнімдерін және ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің көрме-жәрмеңкесіне қалалықтар мол жиналды. Көрме-жәрмеңкенің салтанатты ашылуында сөз алған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев Елбасы Н.Назарбаевтың өңіраралық кооперацияны дамыту, аймақаралық байланысты нығайтуға байланысты берген тапсырмасын орындау мақсатында осындай игі бастама қолға алынғанын жеткізді.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр спорт сарайының ішінде ұйымдастырылған көрмеге өздерінің 36 кәсіпорны өз өнімдерін қойғанын, олардың өнімдеріне ақтөбелік кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық болып, келісімшарттар жасасуға үмітті екендігін атап өтті. Ол сондай-ақ, жәрмеңкеде облыстың барлық аудандарынан 170 тонна азық-түлік өнімдері басқа сауда орындарына қарағанда бағасы 15- 20 пайыз арзанға сатылып жатқанын жеткізді. Жалпы сомасы 803 миллион теңгенің өнімдері әкелінгенін айтып өтті.
Көрмеге Кентау трансформатор зауытының трансформаторлары, «Балтекстил» және «Назартекстил» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің көздің жауын алатындай кілемдері қойылған. «Ордабасықұс» ЖШС түйетауықтың ет өнімдерін және он түрлі шұжық ұсынды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35