Оның бұйымдарын көрші аудан тұрғындары да сатып алуда
Жақында Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылында болғанымызда жиһаз цехының жұмысымен танысудың орайы келді. Ауыл әкімі Қамбар Шилібаев іскер азамат Қасым Жақинашевтің екі досымен бірге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге несие алып, оған қажетті құрал-жабдықтарды сатып алғанын, қазір жиһаздың түр-түрін шығарып жатқанын тілге тиек етті.
Қасымды жұмыс орнынан жолықтырдық. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын азамат сауалдарға сараң жауап қайтарды.
– Жандос Халитов, Жандос Тұраханов және мен 7 пайыздық үстемемен жеңілдетілген несие алдық. Ағаш тілетін станоктар Ресейдікі, ал жонылған тақтайлар мен плиталарды жер-жерден алып жатырмыз. Бастапқыда ісіміз алға басса жақсы, ал шығарған тауарларымыз өтпесе не істейміз деп қобалжығанымыз рас. «Көз қорқақ, қол батыр» деген рас екен, алғаш рет ауылдағы Абай атындағы орта мектептен 15 оқушылар партасын жасауға тапсырыс түсті. Тіпті, Сарытерек, Жарсу ауылдарындағы мектептерге үстел, орындық, шкаф жасап бердік. Сапасы жақсы, бағасы арзан жиһаз болған соң сатып алып жатқандар бар, – деп Қасым ағынан жарылды.
Әдетте, облыс орталығынан жеткізілген жиһаздың бағасы Зайсанға жеткенше шырқап кететіні белгілі. Бірде Қасым өздері шығарған қабырға жиһазын аудан орталығындағы жиһаз сататын дүкенге апарып, бағасын 40 мың теңгеге бағалайды. Көздің жауын алатын жиһазды дүкен сатушысының басқа біреуге өз көзінше 80 мың теңгеге сатып жібергенін көргенде, өнімдерінің шын мәнінде сапалы екеніне көз жеткізеді. Тіпті, Тарбағатай ауданының бірнеше мектебінен жиһаз жасауға тапсырыс түскені ауылдағы шеберхананың атағын алысқа жеткізгені сөзсіз.
– Үстел, шкафтардың бағасын 15-18 мыңнан арттырмаймыз. Ауылдық жерде ақшаның тапшы екені белгілі. Ең бастысы, жерлестерімнің алғысын алсақ, одан артық бақыт бар ма? – дейді жиһаз цехының жетекшісі Қасым ініміз.
Қарабұлақ ауылында Гүлдана есімді кәсіпкер наубайхана ашып, үш адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр екен. Ауыл тұрғындары Гүлдана пісірген нанның дәмі керемет дейді. Таяуда ауыл әкімі Қамбар Шилібаевпен тілдескенімізде іскер азаматтардың тоғанда форель балығын өсіре бастағанын айтты.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
журналист
Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан ауданы
Суретте: Қасым Жақинашев жиһаз цехында

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35