Таяуда «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов бастаған қазақстандық делегация Германияға жұмыс сапарымен барды. Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан Еуропадағы ең ірі болып саналатын қаржы орталығында болу барысында Қ. Келімбетов ірі банктер, холдингтер мен қаржы ұйымдарының басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер, нақты айтқанда, Еуропа орталық банкінің басқарма мүшесі Джил Нобелмен, Германия Бундесбанкінің басқарма мүшесі Карл-Людвиг Тилмен, Deutsche Bank AG банк басқармасының тең төрағасы Йорг Фитчпен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында АХҚО басшысы германиялық және еуропалық әріптестерін «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысы және оның мақсаттары мен топ-10 азиялық қаржы орталықтар қатарына кіру және алдағы 7-10 жылда шамамен 18 мың жұмыс орнын құру бойынша басым міндеттер туралы баяндап берді. АХҚО ерекше құқықтық мәртебеге ие және еркін қаржы аймағы екендігі аталып өтілді, ал оның қызметі әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының тәжірибесіне негізделетін болады.
Аталған тақырып Германияның жетекші экономикалық қауымдастықтар, қаржы құрылымдары мен инвестициялық қорлар басшыларының дөңгелек үстел басындағы әңгімесінде өз жалғасын тапты. Стратегиялық әріптестік бойынша Қазақ-герман іскерлік кеңесінің тең төрағасы Петер Тильс қазақстандық тарапты Қазақстан мен Германия арасындағы ағымдағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың дамуы туралы хабарлады. Сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде АХҚО құру бойынша бастамасы, инвесторлар үшін ағылшын құқығы, 50 жылға арнайы салық жеңілдіктері, визалық және жеңілдетілген еңбек тәртібі сияқты жеңілдіктері бар қаржы институтының қызметін ресми түрде нақты мәлімдейді.
Жалпы, неміс тарапы АХҚО қызметіне үлкен қызығушылық білдіреді және инвестицияларды тарту саласында, активтер мен капиталды басқару, халықаралық деңгейде сарапшылар дайындау, жекеменшік тұлғалардың әлеуеттерімен (private banking) және т.б. салаларда ынтымақтастық орнатуға өз дайындығын атап өтті. Кездесулер мен келіссөздер нәтижесінде қаржы орталықтары арасында ынтымақтастықты кеңейту бойынша келісімдерге қол жеткізілді.
«Егемен-ақпарат»

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35