ШЫМКЕНТ. 14 сәуір. Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев «Аймақтық» коммуникациялар қызметінде мемлекетіміздің Бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуы туралы брифинг берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ұлт жоспарындағы салық пен кеден саясатына қатысты 9 қадам бойынша ойын жүлгелеген департамент басшысы: «Бұл қойылып отырған міндеттердің барлығы да маңызды тапсырмалар. Себебі, индустрияландыру және экономикалық өсім реформасында салық және кеден саясатын тиімді жүргізу ел дамуында ерекше рөл атқарады», деді. Сонымен бірге ол бюджетті толықтырудың басты көзі салықтан түсетін түсім екенін, қазіргі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салық және кеден саясатын оңтайландыру арқылы шешуге болатынын атап өтті.
«Жалпыға бірдей декларациялардың уақытылы қабылдануын және өңделуін толыққанды қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылуда. Бұл корпорация, мемлекеттік қызмет көрсете отырып, декларацияларды қабылдау тиімділігін арттырады», деді ол.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz
• 14 Сәуір, 2016
Оңтүстікте «Азаматтарға арналған үкімет» құрылады

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше