АСТАНА. 15 сәуір. Ұлыбританияның астанасы Лондонда әйгілі ақын Уильям Шекспирдің қайтыс болғанына 400 толуына орай көрме өтеді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Әйгілі ақын, драматургтың шығармаларындағы басты рөлдерді сомдаған Актриса Вивьен Лидің сахналық костюмдері, «Гамлет» қойылымы үшін Сара Бернарға сыйға берілген адамның бас сүйегі, сондай-ақ, Уильям Шекспирдің қолымен жазылған жалғыз сценарий Лондон қаласындағы кітапханада өтетін көрмеде жұртшылық назарына ұсынылады.
«Шекспирдің 400 жылдығын әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірінде атап өтіп жатқанымыз үшін қуаныштымыз. Көрмеде талантты ақынның өміріне қатысты заттардың бәрі қойылады. Оның арасында Шекспирдің өміріндегі атақ-даңқының шарықтау кезеңі мен құлдырау кездерін дәлелдейтін заттар да бар. Осыған қарап Шекспир мұрасының бүгінге дейін жұртшылық арасында қаншалықты маңызды екенін білуге болады», – дейді ұйымдастырушылар.
Лондон қаласындағы ең ірі кітапханада өтетін көрме осы жылдың қазан айының алтысына дейін жалғасады.
Уильям Шекспир – ағылшынның ұлы драматургы әрі ақыны. Өмірінде кем дегенде 12 трагедия , 16 комедия, 6 тарихи хроника жазып кеткен. Оның пьесалары әлемнің барлық тілдеріне аударылып, өзге авторларға қарағанда ең көп қойылады. Шығармалары ағылшын тілінің дамуына зор үлесін қосты. Мәселен, көптеген сөз тіркестері қанатты сөз ретінде күні бүгінге дейін қолданылып келеді.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: РИА «Новости».

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10