15 Сәуір, 2016

Еуропа лигасының жартылай финалындағы қарсыластар анықталды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15-04-2016 EuropeАСТАНА. 15 сәуір. УЕФА-ның штаб пәтері орналасқан Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының жартылай финалына жеребе тарту рәсімі болды. Бұл туралы eurosport.ru порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жеребе нәтижесі мынадай: «Шахтер» (Донецк, Украина) – «Севилья» (Севилья, Испания) «Ливерпуль» (Ливерпуль, Англия) – «Вильяреал» (Вильяреал, Испания) Жартылай финалдың алғашқы матчтары 28 сәуірде, ал қарымта кездесулер 5 мамырда өтеді. Айта кетейік, Еуропа лигасының биылғы маусымдағы финалдық ойыны 18 мамыр күні Швейцарияның Базель қаласындағы «Санкт-Якоб Парк» стадионында өтеді. Аян Әбдуәли. Дерек: eurosport.ru. Фото: smotri-football.ru.