19 Қаңтар, 2011

Елбасы қабылдады

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қ.Тұрғанқұлов Президентке Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Ел­ба­сының президенттік өкілеттігін ұзарту ту­ралы референдум өткізу жөніндегі бастамашы топтың жұмысының қорытындылары туралы баяндады. – Қазіргі уақытта 5 млн. 16 мың қол жиналған. Бұл – референдумға қатысу құқығы бар қазақстандықтардың 55,2 пайызы. Жалпыұлттық қол жинау кезінде Орталық сайлау комиссиясына тәртіп бұзушылық туралы бірде-бір шағым түскен жоқ, – деді Қ.Тұрғанқұлов.