21 Қаңтар, 2011

Сот орындаушылар жағдайына назар

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әділет министрлігінде Сот актілерін орындау комитетінің ай­мақтық департамент басшыла­ры­ның қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Оны комитет төрағасы Г.Ким жүргізді. Баяндама жасаған төраға орынбасары С.Тоғаев республика бойынша сот шешімдерінің орындалу жа­йы­на, жемқорлықпен күрес бары­сы­на тоқталды. Мұнан кейін сөз алғандар ко­митеттің қайта құрылымдану ба­рысының табысты жүргізіліп, маман кадрларды жасақтау ісінің бүгінгі күні толық аяқтал­ған­ды­ғын, жеке сот орындаушылар инс­титутын енгізудің даярлық жайы туралы айтты. Аймақтардың эко­номикалық құрылымдарында өз­ін­дік ерекшеліктердің бар екені ескеріліп, атқарушылық өндірісті тиісінше құру бойынша департамент басшыларына тапсырмалар берілді. Мәжілісті қорытындылаған ко­­митет басшысы халықтан түскен арыз-шағымдармен жұмыс істеуге және атқарушылық өндірісінің өзегі ретінде сот орындау­шы­ла­рына баса назар аудару қажеттігін атап өтті. «Егемен-ақпарат».