21 Қаңтар, 2011

Мәжіліс бюросының кезекті отырысы

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджа­нов­тың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттардың талқы­сы­на бір топ заң жобаларын ұсынды. Олардың арасында Қа­зақстанның Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы елшілігінің және Қыр­ғыз Республикасының  Қазақ­стан­­­дағы елшілігінің қажеттері үшін Астана қаласы мен Бішкек қа­ласында ғимараттар мен жер учаскелерін өтемсіз пайдалануға беру туралы екі ел арасындағы өзара келісімді бекітуді көздейтін заң жобасы бар. Сонымен қатар, бюро оты­рысында Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу мәселелері қаралды. Олар­дың ішінде еліміздің кейбір заң­на­малық актілеріне экология­лық мә­се­лелер бойынша өзгеріс­тер мен то­лықтырулар енгізуді қа­расты­ра­тын, «Қазақстан Рес­пуб­лика­сын­да­ғы   арнайы   эко­но­­микалық аймақ­тар туралы» және осы заң актісіне орай кейбір заң­дарға түзету енгізуді қа­растыратын заң жобалары бар. Сондай-ақ «Дүниежүзілік пош­та одағының жарғысына Сегізінші қосымша хаттаманы ратификациялау туралы» және «Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достас­ты­ғына  қатысу­шы мем­ле­кет­тер­дің қылмыстық кірістерді заң­дастыруға (жы­лыс­татуға) және терроризмді қаржы­ландыруға қар­сы іс-қимылы ту­ралы шартты ратификациялау ту­ралы» заң жобалары бойынша жұмыс то­бын құрып, қо­рытынды әзірлеу үшін олар салалық комитеттерге жіберілетін болды. «Егемен-ақпарат».