Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
В.Алекперов Президентті «Лукойл» компаниясының Қазақстанның мұнай өңдеу саласындағы 6 млрд.-қа жуық АҚШ долларын құрайтын инвестициясы туралы хабардар етті.
Биылғы жылы компания Ақтөбе облысындағы ірі газ өңдеу кешенін пайдалануға береді. Сондай-ақ, елімізде іске асыру үшін бірқатар индустриялық-инновациялық жобалар қарастырылуда.
– Қазақстан шет ел инвестициясының сенімді қорғалуы қамтамасыз етілген әлемнің аздаған елінің бірі болып табылады. Бұл – Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке еңбегінің нәтижесі. Бүгінде ол 20 жыл бойы Қазақстанға тартылған инвестициялардың кепілі болып табылады. Осы 20 жыл ішінде республика қалай құрылғанын, қалалар қалай салынғанын көріңіз. Әрине, бұл – Президенттің еңбегі, оның инвестицияны ынталандыру және республиканың салық салу базасын ұлғайту үшін жүргізген саясатының жемісі, – деп атап өтті В.Алекперов.