21 Қаңтар, 2011

Өзара мүдделестік танытылды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20 қаңтарда Ақорда резиденциясында Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктері бастаған Америка Құрама Штаттарының делегациясымен кездесу өткізді. Кездесу барысында сұхбаттастар Орталық Азияда өңірлік қауіп­сіздікті қамтамасыз ету мен Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруды қоса алғанда, өзара ортақ мәселелер бойынша пікірлерімен алмасты. Кездесу барысында, сондай-ақ, екі жақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызы ерекше атап көрсетілді.