21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №187 

316 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2015 жылғы 5 наурыз, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері – обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері - обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б.Мәтішев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М.Жақсылықовқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Е.ДОСАЕВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б.СҰЛТАНОВ 2015 жылғы 10 наурыз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы №187 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері — обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары Көлік құралының типі Функционалдық мақсаты Жұмыс істеп жатқан бір құрылымға көлік құралының шекті саны Станцияның/ бөлімшенің стационарлық зертханасы Эпиде­мияға қарсы жасақ Бір станцияға 1 2 3 4 5 1. Санитария-лық жеңіл көлік (оның ішінде жоғары өтімді) Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға күдіктену кезіндегі шұғыл сапарлар және жұқпалы материалды жеткізу үшін 2 1 X 2. Жүк көлігі (оның ішінде жоғары өтімді) Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға қарсы тексеру және шұғыл профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін 2 1 X 3. Жолсыз жермен жүретін көлік база­сын­дағы автобакзертхана Шалғай және жету қиын аудандарды тексеру үшін 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік 2-ден артық емес 4. Су тасығыш Далалық жұмыстар кезінде жылжымалы құрылымдарға су жеткізу үшін 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік 2-ден артық емес 5. Өзі аударғыш Қатты жанар майды, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік 2-ден артық емес 6. Жанар-жағар май тасығыш, оның ішінде жолсыз жермен жүретін көлік базасында Далалық жұмыстар кезінде жанар-жағар материалдарын жылжымалы құрылымдарға жеткізу үшін 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік 2-ден артық емес 7. Шағын автобус Дала жұмыстарына топтарды тасымалдау үшін 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік 2-ден артық емес 8. Аспалы құралдары бар дөңгелекті трактор Тиеу-түсіру жұмыстары үшін 1 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10684 болып енгізілді.