21 Қаңтар, 2011

Халық әрдайым өзіңізбен бірге!

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының аты­на еліміздің азамат­та­­рынан Ел­басы­ның президенттік өкілет­ті­гін 2020 жылға дейін ұзарту ту­ралы бастамашы топтың бас­тамасына қызу қолдау білдірген хаттар келіп түсуде. Атап айтқанда, «Қазақ» газетінің бас редакторы, көр­некті жазушы Қ.Сәр­се­кеев Елбасына жолдаған ха­тында Аста­надағы Тәуелсіздік сарай­ында өткен сал­танатты жиында «Қа­зақ» газетіне тоқталып өтіп, қазақ қаламгеріне білдірген ықыласы үшін Президентке зор алғысын білдіреді. Қаламгер Шығыс Қазақстан облы­сын­да бастауын алып, қоғамның басты талқылауына айналған бастамашы топ­тың бастамасына байла­нысты өз пікірін былайша түйіндейді: «Көз жетіп, көңіл сенген ақиқат: халық әрдайым өзіңізбен бірге!». Ал Қазақстан Республикасындағы «Сомониён» тә­жік қауымдастығы төр­ағасының орынбасары М.Н. Елов Ел­басына жолдаған хатында еліміздің оң­түстік ай­мақтарында тату-тәтті өмір сү­ріп жатқан 60 мыңнан астам тәжік ұл­тының өкілдері миллиондаған отан­дас­тарымыз сияқты, референдум тура­лы игі бастаманы қолдайтынын жазады. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан об­лысы, Түлкібас ау­даны, Жиынбай ауы­лының тұрғыны Бақыт Бексұлтанов Елбасына деген ақжарма тілегін өлең жолдары арқылы білдірсе, Жамбыл об­лысы, Жуалы ауданының тұрғыны Қай­рат Қалиев өз хатында ел үшін аянбай тер төгіп, мінсіз қызмет атқа­рып келе жатқан Мемлекет басшысы Н.Ә. На­зар­баевқа ақ пейілді тілегін жеткізеді.