21 Қаңтар, 2011

Алла өзі жар болсын

2187 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Мейірімді, рақымды Алланың аты­мен бастаймын! Менің маңдайыма Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевпен бірнеше рет кездесіп, ауыз­ба-ауыз сөйлесу бақы­ты бұйырды. Алғаш рет 1991 жылы ол Жезқазған облысына алдағы бо­латын президент сайлауына түсетін кандидат ретінде келгенде кездестік. Мен ол кезде облыстың бас имамы едім. Әуежай­дан қарсы алу кезінде қа­сымда облыстың белгілі ақса­қалдары Ордабай Исаев пен Мүсілім Досмырзаев болған еді. Нұрекең біздерге келіп, бәрі­мізге қол берді. Мен сонда ақсақалдарға жүзіндегі нұрын көрді­ңіз­дер ме, Алла ­тағала патша болатын адам­дарға осындай ерекше нұр береді деген сөздің Кітапта барын айттым. Ақсақалдар бас изеп, таңғалып жатты. Міне, содан бері 20 жыл уақыт өтіпті. Одан кейін де мен Елба­сымен Қарағанды, Солтүстік Қа­зақ­стан облыстарында, Астана мен Алматы қала­ларында дін өкілі ретінде де, Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшесі ретінде де бірнеше рет кездесіп, қол алыстым. Сол кездердің бәрінде де оның жүзінен Алла­ның берген нұры таймағанын, керісінше, бұрын­ғыдан да айшық­тала түс­кенін барлаймын. Дін өкілі ретінде кездескенде Ел­басы исламның жастарды дұрыс жол­ға тәр­бие­леуге, ұлтаралық түсі­ністік пен төзім­ді­лікке шақыратын ізгі қасиеттерін көбірек уағыздауды тапсыратын. Өзінің де діннен білігі мол екені аңғарылып тұрады. 2005 жылдың 19 сәуірінде Қазақ­стан мұсылмандары діни басқар­ма­сының төр­а­ғасы, Бас мүфти Әбсат­тар қажы Дербі­сәлі хазіреттің ұйым­дастыруымен Елба­сы­ның ҚМДБ-ның облыстардағы өкіл имамда­ры­мен кездесуі болды. Бір сағатқа белгіленген кездесу екі жарым сағатқа созыл­ғандығының өзі кездесудің қы­з­ық­ты, екі жаққа да ұнамды өт­кенінің белгісі болса керек. Сон­дағы сөзі мен жауаптары бізді таңғалдырған еді. Өйткені, Елбасы діни сауаты терең дінбасылардың ара­сында ғана қолданылатын көптеген діни ұғымдар мен тіркестерді орын­ды қол­данып отырды және діннің қасиетін өте тереңнен танитынын білдірді. Сонымен бірге өзінің мұ­сылмандардың санаулы­ларына ғана Алланың құдіретімен бұй­ы­ратын бақытты бастан кешіп, Сауд Ара­бия­сының патшасы Фахдтың рұхса­тымен қасиетті Қағбаның ішіне кіргенін айтып еді. «Қағбаның ішіне енгенде аспан мен жердің арасында қал­қып бара жатқандай болдым», ал қандай тілек тілейсіз дегенде, елге тыныштық, халқыма, қазағыма ша­па­ғатыңды бер деп тіледім, деген еді Нұрекең. Сол кездесуде маған да сөйлеу бақыты бұйырып, өзінің қолдауы арқасында Сол­түстік Қазақстан об­лы­сының тарихында Қызылжар қа­ла­сында тұңғыш рет өте үлкен ме­шіттің құрылысы аяқталғалы тұр­ғанын айтып, қазір қала халқы оның сәу­летіне таңырқай қызығып, құры­лыс­­тың тезірек аяқталғанын асыға күтіп жә­не оны өзіңіздің ашып бер­геніңізді қалап жүр деген едім. Сол сөзім аяқсыз қалмай, ақыры Мемлекет басшысы облысқа жұ­мыс сапа­рымен келгенде Қызылжар мешітін өзі ашып, ел-жұрттың алғысын алған еді. Мен өзім тәжік баласымын, от­басы­мыздағы 12 баланың бәрі де дін жолында. Өзімнің бес балам бар, олардың бәрі де қазақ мектептерінде оқиды. 2005 жылы аталмыш кезде­судің қарсаңында «Егеменге» шық­қан мақаламда өзімнің Қазақ­станда туып, Қазақстан азаматы болға­нымды мақтаныш етемін деген едім. Елбасы жоғарыда аталған кездесуде сол мақаланы оқығанын атап өтіп, менің пікірлеріме ризашылығын білдірді. Міне, осындай кездесулер адамның есінде мәңгі-бақи қалатын әсерлер береді екен. Мен Елбасының діндер арасындағы түсіністікке, өзара төзімділікке шақырған саясатын жан-тәніммен қолдаймын. Рим папасы Иоанн Павел ІІ-нің Қазақстанға сапары конфессияаралық түсіністіктің ар­туына үлкен үлесін қосты. Құрбан айт пен Рождествоның мерекелік күндер болып жарияланғаны да мұсылмандар мен хрис­тиандарды өзара жақындастыра түсті. Қа­зір христиандардың бәрі де мұсыл­ман­дарды құрбан айтпен, ал мұсылмандар православиеліктерді рождествомен жаппай құттықтап жататынын көзіміз көріп жүр. Алладан кітап түскен иудаизм, христиан және ислам діндерінің бәрінде де «Жақын адамыңды өзіңдей жақсы көр» немесе «бір сенімді уағыздайтын барлық пайғам­бар­лардың үмбеттері – біздің бауырларымыз» деген сөздер бар. Демек, біздің әлемдік және дәстүрлі діндеріміз адамды тек жақ­сылыққа шақыратынын Елбасы тереңнен танып, өзара жақындастықты өзінің сая­сатында басшылыққа алуда. Мен Елбасымыздың президенттік өкі­леттігін 2020 жылға дейін ұзар­туды жан-тәніммен қолдаймын. Өйт­кені, ол Алла­ның өзі қалап, таққа отырғызған сүйікті құлы. Ахмад жеткізген бір хадисте «Алла таққа отыр­ғызған әмірді кім құрмет тұтса, Алла оны құрмет тұтады» дейді. Сон­дық­тан, Алладан құрмет күтсек, он­ың қа­лаған құлын да құрметтеуіміз керек. Алла тағала елімізді аман, жұрты­мыз­ды тыныш қылып, Елбасы­мыз­дың ізгі амал­да­рына, қайырлы жұ­мыстарына разы болып, әрқашанда бір өзі жар болсын. Әумин! Жақия қажы ЫСМАИЛ, дін қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.