АСТАНА. 20 сәуір. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы мүгедек жаннан пара алу барысында ұсталды. Бұл туралы korrespondent.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған департаментті басқаратын Бейбіт Сыздықовқа облыстағы мүгедектерден қаржы жинап келген деген айып тағылды. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросының мамандары 100 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстаған.
«Сыздықов аудандық бөлім басшыларымен сөз байласып, еңбекке жарамсыз, мүгедек жандардан мүгедектікке тіркеу үшін немесе оның мерзімін ұзартып беру үшін ақша жинаудың жүйесін құрған», – дейдісыбайластыққа қарсы күрес мамандары.
Құқық қорғаушылар ұстайтын сәтте ол мүгедек жаннан 100 мың теңге көлемінде пара алып жатқан. Бұл қаражат үшін ол мүгедектіктің мерзімін ұзартып бермек болыпты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кетейік, Бейбіт Сыздықов департаменттің басшылық тізгінін алғанға дейін Отырар ауданы мен Түркістан қаласының әкімі болған.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: korrespondent.kz.
• 20 Сәуір, 2016
Шымкентте мүгедектен пара алған департамент басшысы ұсталды

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37