22 Сәуір, 2016

Шарықта, шырқа, жас дауыс!

497 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Логотип Бала дауысыӘлия Назарбаеваның «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауы өтеді 17 сәуірден бастап Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының  www.zhandanu.com ресми ғаламтор порталында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауына қатысамын деушілерді онлайн тіркелу ашылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры биылғы ресми әріптесі болып табылатын Байқаудың бас­ты мақсаты – біздің елімізде тұ­ратын халықтардың тілдерінде жаңа балалар әндерін шығарып, оларды кеңінен тарату арқылы балалардың музыкалық шығар­машылығын дамыту, сонымен қатар, білім беру ұйымдарының педагогтарына әдістемелік көмек көрсету. 23 мамыр мен 10 тамыз аралы­ғындағы кезең ішінде Қордың  белгілі музыкалық продюсерлерден, ком­позиторлар мен танымал орындаушылардан тұратын шығармашылық ұжымы 7 жас пен 13 жас аралығындағы балалардың арасында кастинг өткізу үшін республиканың барлық дерлік облыс орталықтарына барады. Тыңдауға келген әрбір бала естелік сыйлықтар алып, дип­ломдармен марапатталады, ал ең жарқын да толғанысты сәт­тер «Бала дауысының» ресми әріптесі-КТК арнасындағы те­левизиялық бағдарламаларда көрсетіледі. Қордың осы жаңа жобасының басты ерекшелігі – оның әлеуметтік бағыт-бағдары: кастинг өткізілетін күндері бар­лық музыка мен ән пәндерінің мұғалімдеріне арналған тегін оқыту семинарлары мен вокалдық шеберлік, балаларды байқауларға дайындау әдістемесі жөніндегі шеберлік сыныптары өткізіледі, ал ата-аналары балалардың шы­ғар­машылық қабілеттерін ашу мен дамытуға қатысты балалар психологтарынан консультациялар алады. Іріктеу турларының қоры­тын­дысы бойынша әрбір облыс­тан 16 ең үздік балалар дауысы анықталып, олар Жазғы му­зы­ка мектебіне шақырту алады. 2 апта бойына балалар сольфеджио, хорео­графия, әртістік ше­берлік сияқты бағыттар бойын­ша оқытылады. Облыстық кас­тингтің әрбір же­ңімпазымен ар­­найы жазылған авторлық бала­лар әнін жаттау Жазғы музыка мек­тебі жұмысының басты қоры­тындысы болмақ. Осылайша, ән байқауының финалында ел хал­­қы сүйікті Отанымыз, шексіз мейі­рімге толы балалық шақтың бал­дәу­рен әлемі туралы жаңа ән­дер­дің тұсаукесеріне куәгер болады. Байқаудың финалында балалар танымал орындаушылармен дуэтте қазақстандық эстраданың ретро-шлягерлерін орындайды. «Бала дауысы» байқауының жеңімпазын таңдау құқығы кәсіби қазылар алқасы мен СМС арқылы дауыс беруге қатысатын телекөрермендерге беріледі. Барлық финалға шыққан 16 орындаушы арнайы сыйлықтармен марапатталады, ал ең үздік бала дауысы еліміздің ең танымал музы­калық мектептерінің бірінде оқу гранты мен танымал отандық телеарналарда музыкалық клиптің ротациясы құқығына ие болады. «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының қорытындысы бойынша Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасының қорымен бірге еліміздің бала бақшалары мен мектептеріне жаңа балалар әні жинақтарын тегін сыйға тартады. Бір айтарлық жайт, 2015 жылы Әлия Назарбаева­ның «Жандану әлемі» қоры «Бала тюрквижион» халықаралық балалар ән байқауының ұлттық іріктеу ту­рының ұйымдастырушысы болды. 2016 жылы оның шекарасын кеңейтіп, оған әлеуметтік бағыт-бағдар бере отырып, өз ұлттық байқауын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады, бұл ретте оның концептуалдық негізі бұрынғысынша қалды – жаңа балалар әндерін шығару. 2017 жылы алыс және жақын шетелдерден балаларды шақыра отырып, «Бала дауысы» байқауын халықаралық деңгейге шығару жоспарланып отыр. «Егемен-ақпарат»