22 Сәуір, 2016

Зауытта болған жарылыстан 24 адам қаза тапты

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22-04-2016 mexicoАСТАНА. 22 сәуір. Мексиканың Веракрус штатындағы Petroquimica Mexicana de Vinilo мұнай-химия компаниясында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 24 адамға жетті. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бейсенбі күні оқиға орнына мемлекет президенті Энрике Пенья Ньетоның өзі келіп, марқұмдардың отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты. Айта кетейік, аталған штатқа қарасты Коатсакоалькос қаласындағы зауытта 20 сәуір күні жойқын жарылыс болды. Салдарынан 136 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Қазір апат аймағында тергеу амалдары жүріп жатыр. Жарылыстың неден шыққаны әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша газдың істен шыққаны себеп болуы мүмкін. Компания басшылығы жағдайды түбегейлі анықтауға уәде берді. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: 24.kz.