22 Сәуір, 2016

Президент «Химфарм» компаниясының жаңа цехында болды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22-04-2016-Teksti222АСТАНА. 22 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласындағы «Химфарм» акционерлік қоғамының жаңа цехында болды. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақстан Президенті кәсіпорынның жаңа цехының жұмысымен және өндіретін өнімдерімен танысты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еңбек ұжымы өкілдерімен әңгімелесіп, цехтың ашылуымен құттықтады және оның табысты дамуына, бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуына тілектестігін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде дәрілік препараттар нарығы перспективалы бағыттардың бірі болып отырғанын, сондықтан отандық фармацевтика саласының көшбасшысы ретінде кәсіпорын мен қала үшін зор мүмкіндіктерге жол ашылатынын айтты. Цех еңбеккерлері Қазақстан Президентіне осы салаға көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты. Айта кетейік, «Химфарм» акционерлік қоғамының жобасы жалпы құны 14 миллиард теңге болатын 4 кезеңнен тұрады. Бүгінде құны 5,8 миллиард теңге болатын бірінші кезеңі жүзеге асырылған. Жоба 350 миллион ампула инъекциялық ерітінді, 4 миллион пакет инфузионды ерітінді, 40 миллион флакон антибиотик және 1 миллиард таблетка шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын елдің жалпы дәрі-дәрмек нарығының 5 пайыздан астамын қамтиды және дәрілік заттардың ішкі өндірісінің 50 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Талғат Райымбек. Дерек: akorda.kz. Фото: inform.kz.