23 Сәуір, 2016

Ресейде ер кісі әйелін қызғаныштан ұрып өлтірді

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-04-2016-Ubila jenuАСТАНА. 23 сәуір. Ресейдің Нижний Новгород қаласында бір ер кісі екі күн үйде болмаған әйелін қызғаныштан ұрып өлтірді. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Нижний Новгород соты қызғаныштан әйелін ұрып өлтірген облыстың Семенов қаласының тұрғыны Вячеслав Горбачевті 8 жыл, 6 ай түрмеде отыру жазасына кесті. Оқиға 2015 жылдың 26 ақпанында болған. Үйге екі күн қонбаған әйелі кешке келгенде, күйеуі оны ызалана қарсы алған. Вячеслав кейінірек жұбайына сол күндері қайта-қайта қоңырау шалып, ала алмағанын айтқан. Себебі, байланыс құралы өшіріліп тұрған. Үйде сосын күйеуінің тергеуі соңы жанжалға ұласады. Қатты мас болып тұрған Вячеслав опасыз әйеліне тарпа бас салады. Ол келіншегін бірнеше сағат ұрып-соғып, оны еденде есінен танған күйі қалдырып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне оянғанда, әйелінің жансыз жатқанын көреді. Осыдан кейін өзі полицияға келіп, болған жайды түгел баяндайды. Талғат Райымбек. Дерек: ras.kz. Фото: stan.kz.