23 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-04/120

286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 20 ақпан, Астана қаласы Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 44) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.МАМЫТБЕКОВ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 18-04/120 бұйрығымен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі 1. Арал теңізі (халықаралық маңызы бар) 2. Каспий теңізі (халықаралық маңызы бар) 3. Жайық өзені (халықаралық маңызы бар) 4. Қиғаш өзені (халықаралық маңызы бар) 5. Ертіс өзені (халықаралық маңызы бар) 6. Жайсан көлі (халықаралық маңызы бар) 7. Ертіс өзеніндегі Бұқтырма су қоймасы (халықаралық маңызы бар) 8. Ертіс өзеніндегі Өскемен су қоймасы (халықаралық маңызы бар) 9. Ертіс өзеніндегі Шульбинское су қоймасы (халықаралық маңызы бар) 10. Есіл өзені (халықаралық маңызы бар) 11. Тобыл өзені (халықаралық маңызы бар) 12. Сырдария өзені (халықаралық маңызы бар) 13. Сырдария өзеніндегі Шардара су қоймасы (халықаралық маңызы бар) 14. Іле өзені (халықаралық маңызы бар) 15. Іле өзеніндегі Қапшағай су қоймасы (халықаралық маңызы бар) 16. Нұра өзені (республикалық маңызы бар) 17. Сілеті өзені (республикалық маңызы бар) 18. Алакөл көлдер жүйесі (республикалық маңызы бар) 19. Балқаш көлі (республикалық маңызы бар) 20. Қаныш Сәтпаев атындағы канал (республикалық маңызы бар) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10537 болып енгізілді.