23 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-04/149

244 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ________________ Е.Досаев 2015 жылғы 1 сәуір Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі -Заң) сәйкес әзірленді және аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің арасында бөлу тәртібін белгілейді. 2. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында балық ресурстарын және басқа да жануарларын қоспағанда, жануарлардың аңшылық объектісі болып табылатын түрлерін алып қою квоталарын бөлу аңшылық алқаптарының өнімділігін және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жануарлар түрлерін аулауға арналған өтінімдерін ескере отырып жүзеге асырылады. 3. Балық шаруашылығы субъектілерінің арасында балық ресурстарын және басқа да су жануарларының түрлерін алып қою квоталарын бөлу өтінілген квота және рейтингтік бағалау қорытындысын ескере отырып жүзеге асырылады. 4. Аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері аңшылық және балық аулау объектілері болып табылатын басқа да жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлуді жүзеге асырады. 2. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің арасында аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу тәртібі 5. Аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығына (бұдан әрі - аңшылар қауымдастығы) алдағы жылдың 1 қазанына дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың аңшылық объектілері болып табылатын түрлері бойынша есеп деректерінің негізінде өтінім береді. 6. Аңшылар қауымдастығы аңшылық объектілері болып табылатын басқа да жануарлар түрлерін алып қою квоталарын Заңының 9-бабы 1-тармағының 55) тармақшасына сәйкес бекіткен жануарлар дүниесі объектілерін ағымдағы жылдың 15-ші ақпанынан бастап, келесі жылдың 15-ші ақпанына дейін алып қоюға арналған лимит негізінде бөліп береді. 7. Жануарлар түрлерін алып қоюға өтінім берілген квота белгіленген тәртіппен бекітілген аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1250 қаулысымен бекітілген нормативтеріне сәйкес болуы тиіс. 8. Аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде аңшылар қауымдастығы берілген өтінімдерді ескере отырып, аңшылық шаруашылығы субъектілері арасында аңшылық объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін алып қою квоталарын бөлуді жүзеге асырады. 9. Қолайсыз табиғат құбылыстары (жұт, ауру) салдарынан жануарлар түрлерінің саны азайған жағдайда жануар­лардың түрлерін алып қоюға арналған квота жануарлар түрлерінің нақты ресурстарына сүйене отырып белгіленеді. 10. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе, онда жануарлар түрлерін алып қоюға арналған квота бөлінбейді. 3. Балық шаруашылығы субъектілерінің арасында балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квоталарын бөлу тәртібі 11. Балық ресурстары және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі - балықшылар қауымдастығы) бөледі. 12. Балық ресурстары және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алу үшін балық шаруашылығы субъектілері ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін балықшылар қауымдастығына Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасын алуға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді (бұдан әрі-балық ресурстарын алып қою өтінімі) Балықшылар қауымдастығы балық ресурстарын алып қою өтініміндегі 2, 3 және 4 тармақтарында көрсетілген мәліметтер бойынша жазбаша сұранымды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомстволық аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі- уәкілетті орган) жібереді. Уәкілетті органның ведомстволық аумақтық бөлімшесі тиісті сұрау алынған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде сұратылған ақпаратты ұсынады. 13. Балық аулау қауымдастығы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуді Заңының 9-бабы 1-тармағының 55) тармақшасына сәйкес бекітілген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерінің негізінде жүзеге асырады. 14 Балық аулау қауымдастығы уәкілетті орган балық аулау лимиттерін бекіткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде балық ресурстарын алып қою өтінімдерін қарастырады, сондай-ақ әрбір балық шаруашылығы су айдынының жалпы лимитінің 10% шегінде эксперементальды, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу, бақылау мақсаттарында аулау, су айдындарын балықтандыру бойынша өсімін молайту мақсатында квота белгілейді. 15. Бір балық шаруашылығы субъектісінің атына толықтай тіркелген балық шаруашылығы су айдындарында рейтингтік бағалау есебі жүргізілмейді. 16. Егер осы балық шаруашылығы су айдынында балық аулаудың лимиті берілген өтінімдердің жиынтық көлемінен асқан жағдайда балықшылар қауымдастығы, осы балық шаруашылығы су айдынында балық аулаудың лимиті берілген өтінімдердің жиынтық көлемінен аспаған жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес рейтингтік бағалау парағы (бұдан әрі – есептеу парағы) негізінде балық аулау объектілері болып табылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөледі. Бұл ретте балық ресурстарын алып қою өтінімдері өтінім берілген квотаға сәйкес қанағаттандырылады. Ескертпе: Балық, шаян және су омыртқасыздарын алып қою квоталарын бөлу үшін рейтингтік бағалауды есептеу парағы бөлек толтырылады. 17. Балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы келесідей анықталады: 1) 100 пайызға теңестірілген және балық шаруашылығы субъектісінің көрсеткіші бойынша пайыздық маңыздылыққа бөлінген ең жоғары бағалау көрсеткіші; 2) ең көп (ең үздік) көрсеткіші бар балық шаруашылығы субъектісіне тиісті тармақ бойынша 20 баллдық жүйемен ең жоғарғы баға қойылады; 3) балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы (бұдан әрі – Р) есептеу парағының 3-бағанының көрсеткішін (ең жоғарғы бағалау көрсеткіші) Есептеу парағының 5-бағанына (20 баллдық жүйедегі баға) көбейту және 100-ге бөлу жолымен айқындалады. 18. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып кою квоталары осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып кою квоталарын бөлу нәтижесі бойынша балық аулау лимитінің түрлік құрамының пайыздық арасалмағындағы рейтингте балық шаруашылығы субъектілері жинаған баллдар нәтижесінде пропорционалдық тұрғыдан бөлінеді. 19. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып кою квоталары әрбір балық шаруашылығы субъектілері келесі формула бойынша анықталады Л = К х Р мұнда: Л - бөлінетін квота; К - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың коэффициенті; Р - балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік коэффициенті. 20. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою коэффициенті (бұдан әрі - К) формуласы бойынша есептеледі, К = У/С мұнда: У - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюдың бекітілген лимиті; С - балық шаруашылығы субъектілерінің рейтингтік коэффициентерінің сомасы. 21. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлу қорытындылары балық ресурстарын және басқа су жануарларын алып қою лимиттері бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес шығарылады. 22. Егер, балық шаруашылығы субъектісінің ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін балық ресурсы және басқа да су жануарларын аулауға лимиттердің игерілмеген 25%-дық бөлігіне жануарлар дүниесін пайдалану туралы шешім болмаған жағдайда, балықшылар қауымдастығы квотаның қалған бөлігін қосымша өтінім бойынша, сондай-ақ балық шаруашылығы учаскелерінің резервтік қорының квоталарын осы балық шаруашылығы су айдынында учаскелері бар балық шаруашылығы субъектілері арасында бөлінеді. 23. Игерілмеген квотаның бөлігін алу үшін балық шаруашылығының мүдделі субъектісі балық аулау қауымдастығына тиісті жылдың 10 тамызына дейін балық ресурстарын алып қою өтініміне сәйкес қосымша өтінімді береді. Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 1-қосымша Нысан Аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарларды түрлері бойынша алып қою квоталарын алуға өтінім Аңшылық шаруашылығы­ның атауы Жануар­дың түрі Ағымдағы жылғы (да­рақ­тар­дың) саны Алып қою­дың бекі­тіл­ген нормативі Алып қоюға (дарақтарды) сұратылған квота Соның ішінде (тұяқтылар үшін) аталығы аналығы төлдері Берілген күні Мөрдің орны __________________________________________________________________________ (аңшылық шаруашылығы субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) қолы_____________ Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 2-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға квоталарды алуға арналған Өтінім 1. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің атауы _________________________________________________________________ Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен немесе жергілікті атқарушы органмен жасалған балық шаруашылығын жүргізуге арналған ______ жылғы «___» _____________ № ______шарт. 2. Өткен жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға (балықтандыруға) жұмсалған қаржы қаражатының көлемі _____________мың теңге. 3. Балық ресурстарын өңдеу бойынша технологиялық жабдықтардың бар-жоғы (тонна/жылына). 4. Өткен жылы бөлінген квотаның ағымдағы жылы нақты игерілуі________________тонна. 5. Балық аулау Қағидаларына сәйкес балық ресурстарын аулайтын және басқа да су жануарларын аулайтын құралдардың саны, сүзекі ____дана, құрма ау____ дана. 6. Балық шаруашылығы субъектілерінің атына тіркелген балық аулау флоты өздігінен жүретін (40 ат күші бар)______ бірлік, шағын көлемді_______ бірлік. Берілген ақпараттың дәлдігін растаймын. Берілген күні Мөрдің орны _____________________________________________________________________________ (балық шаруашылығы субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) қолы_____________ Өтінімге мыналар: 1) балық шаруашылығын жүргізу бойынша шарттың қосымшасы; 2) балық шаруашылығы субъектісінің атына тіркелген аулаушы және көліктік флоттың, оның ішінде шағын көлемдісі туралы аумақтық көліктік бақылау органының өтінім берген күнге дейін бір айдан кеш емес берілген анықтама қосымша беріледі. Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 3-қосымша Нысан Рейтингтік бағалауды есептеу парағы Балық шаруашылығы субъектісі _______________________________________ Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі __________________ Р/с № Көрсеткіштің атауы Пайыздық жоғарғы бағалау көрсеткіші Өтінімге сәйкес көрсеткіш саны 20 балдық жүйе бойынша баға Балық ша­руа­шылығы субъ­ек­тісінің рей­тинг­тік бағасы 1 2 3 4 5 6 1. Балық өсімін молайту іс-шараларына алдыңғы жылы жұмсалған қаражат көлемі, мың теңгемен 20 2. Көліктік (балық аулайтын) флоттың болуы, оның ішінде: 20 1) өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышы бар), 40 ат күші бар және одан жоғары (бірлік) 13 2) шағын көлемді, оның ішінде өздігінен жүрмейтін, аспалы қозғалтқышы бар (бірлік) 7 3. Балық пен басқа да су жануарларға алып қоюға бөлінген квотаның игерілуі (тонна) 20 4. Балық аулайтын құралдардың бар-жоғы 20 1) сүзекі 10 2) құрма ау 6 3) ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындарына арналған торлы дорба 4 5. Балық ресурстарын және балық өнімдерін өңдейтін технологиялық жабдықтар (тонна/жылына). 20 Қорытынды 100 Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына 4-қосымша Нысан Балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау квоталарын бөлу қорытындылары № р/с Балық шаруашылығы субъектісі Рейтингтік коэффициенті (Р) Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою коэффициенті (К) Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасы (Л = Р х К) 1. Қорытынды: Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10865 болып енгізілді.