Астанадағы ақпарат мәселесіне арналған алқалы жиын қонақтары арасында бізге Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзайдың мәртебесі басқалардан гөрі биіктеу көрінді. Әлемнің әр шалғайына жедел хабар жеткізуге асыққан әріптестеріміз де осынау орны бөлек тұлғаны көбірек төңіректеді. Соны сезген форум ұйымдастырушылары оны ортамызға әкеліп, шағын брифинг өткізді.
Талайды көрген тарланбоз жан-жақтан сұрақ жаудырған журналистер алдында өзін еркін ұстады. Жауабын беру қиындау соғатын мәселелердің қисынын тауып тігісін жатқызып жібергеніне еріксіз сүйсіндік. Әттең, ағылшын тілін білмегендіктен әңгімесіне терең бойлай алмадық. Аудармашы азаматтың тақ-тұғына қанағаттаныңқырамай қалдық.
Айта кетерлік бір жайт, блиц-сұхбат барысында өзбекстандық және тәжікстандық БАҚ өкілдері барынша белсенділік байқатты. Бұл, әрине, түсінікті жағдай. Тек, шекаралас қана емес, түбі бір туыстас ел болғандықтан бүйректері бұрмай тұрмайды. Оның үстіне дәл іргелерінде екі күннің бірінде атыс-шабыс болып жатса алаңдаушылық білдірмегенде қайтеді, енді.
Ауғанстандағы қазіргі ахуалға, айналасына қауіп-қатер төндіріп тұрған «Талибан» мен ДАИШ-қа қатысты дәлелді дәйектерін алға тартып, отанындағы оқиғаларға байланысты «бас жаққа барыспай» байыпты пікір білдірген сарабдал саясаткердің Қазақстан жайындағы айтқандары құлағымызға майдай жаққанын жасырмаймыз.
– Қазақстанның ұзаққа созылған соғыстардан әбден күйреп, күйзелген Ауғанстанға кейінгі он бес жылда көрсеткен көмегін ешқашан ұмытпаймыз. Бір мыңға тарта студенттерімізге грант бөліп, білім беріп жатқанын кешегі мәжілісте шынайы алғыс сезіммен атап өткенім баршаңызға белгілі. Ал сіздердің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың соғыссыз әлем құруға бағытталған бітімгершілік қадамдарын бүкіл дүниежүзі қызу қолдауы тиіс. Қазақстан – салиқалы саясат салтанат құрған, көпұлтты халқы тату-тәтті тіршілік кешіп жатқан тыныштық мекені. Мұндай ынтымақты елдің ырысы ешқашан ортаймайды, – деді Х.Карзай.
Иә, Еуразия кіндігіндегі егемен еліміздің мерейі әрдайым үстем бола бергей!