23 Сәуір, 2016

Аудиттік тексерулер барысы

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аудиттік тексерулербірқатар тәртіп бұзушылықты анықтады Бұрнағы күні республикалық Есеп комитетінде «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысына орай жүргізілген мем­лекеттік аудиттің қоры­тын­дылары қаралды. Жиынға Инвестициялар және даму министрлігінің Бай­ланыс, ақпараттандыру және ақ­па­рат комитетінен, сондай-ақ, бір­қатар ведомстволық меке­ме­лерден басшылар қатысты. – Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асы­рылу кезеңдерінде Бай­ланыс және ақпарат коми­тетіне бөлінген 145 миллион теңгеге қа­тыс­ты қаржы заңын бұзушылық орын алды. Қазір мұның 142 миллион теңгесі қазынаға қай­тарылды. Сонымен қатар, мемлекет қаржы­сы­нан бөлінген 41 миллиард тең­генің 14,6 миллиарды тиімсіз пай­­даланылған, – деді Есеп ко­ми­­­тетінің мүшесі А. Горяинов жиында. Комитет мүшесі өз сөзін­де аудит­тік тексеру аясындағы қоры­­тындымен ғана шектелмеді. Ол, сондай-ақ, отандық БАҚ өкіл­дері шетелдік журналистер секілді оқиғаны халыққа дер кезінде жеткізу жағынан кем түсіп жататынына және еліміз телеарналарының рейтингілері түсіп кеткеніне тоқталды. Алайда, «Хабар» АҚ басқарма төр­аға­сы Айдос Үкібаев бұл пікірмен келіспейті­нін білдірді. – Мүмкін біз ресейлік БАҚ-тан танымдық контент жағынан қалып келерміз, алайда, ақпараттық-идеологиялық жағынан ешбір есе жібермейміз. Мұны саяси науқандар нәти­жесі­нен байқауға болады, – деді ол. Мұнан кейін Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов сөз алып, еліміздегі ақпарат құралдары­ның атқарып келе жатқан жұмыс­тары жайында жан-жақты баянда­ды. Ал отырысты қорытындылау барысында Есеп комитет төраға­сы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин отандық БАҚ жетекшілеріне ішкі аудит және заң қызметінің жұмыстарын жандандыруды ұсынды. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»