Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өткен биылғы есептік концертінде болды, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Концертке шығармашылық жолын Президенттік оркестрде бастаған Қазақстанның белгілі әртістері қатысты.
Мәдени іс-шарада «Ұлы Дала» композициясы тұңғыш рет орындалды. Бұл шығарма Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетімізді ресми атауымен қатар «Ұлы Дала елі» деп атау жөніндегі бастамасынан кейін дүниеге келген болатын.
Сондай-ақ, Президенттік оркестрдің жас дарындары концертте «Ахау, арман», «Жыр-шашу» сияқты қазақтың халық әндерін, классикалық және қазіргі заманғы музыкалық шығармалар мен билерді орындады.
Президенттік оркестр 1992 жылы Қазақстан Республикасының протоколдық, дипломатиялық, мемлекеттік және басқа да іс-шараларын музыкалық жағынан қамтамасыз ету үшін құрылды. Ұжым фольклорлық музыкадан бастап, қазіргі авторлардың композицияларына дейінгі әлемдік музыкалық өнердің барлық жанрларын қамтитын шығармаларды орындайды.
Президенттік оркестр еліміздің мәдени өміріне белсене атсалысып, Қазақстанды жаһандық музыкалық аренада лайықты танытып келеді. Оркестр әртістері ТМД, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Үндістан елдерінде және басқа да әлемге әйгілі сахналарда табысты өнер көрсетті.
Президенттік оркестрді 2006 жылдан бері «Елім менің» алғашқы республикалық патриоттық әндер конкурсының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, полковник Талғат Бердіғұлов басқарып келеді.

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48