23 Сәуір, 2016

Шымкенттің кофесін ішіңіз

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2435_oko_2Шымкенттік кәсіпкер Гаджи Гаджиев мықтылығы сол, Бразилиядан жұпар иісті дәнді Оңтүстіктің жеріне жерсіндіріп, дайын өнім алып жатыр. Оның ойын жүзеге асыруға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы көмектесті. Өсімі 14 пайыз несиенің жартысын мемлекет мойнына алды. Бизнесмен 30 млн. теңгеге сатып алынған қондырғы кофенің «Арабика» деп аталатын түрін дайындайды. Бастапқыда кәсіпкер біраз шығынға ұшыраған. Өйткені, дәнді қыздырғанда қажетті ыстықтан асып кетсе күйіп кетеді. Хош иісі бұзылады. Қазір өндірістік кооперативтің мүшелері кофе қуыруға маманданып алды. Күніге 500 килоға дейін дайын өнім алады. Мысалы, кофені Италиядан немесе басқа жақтан әкеліп, оны өңдеп жасап шыққанша, қанша уақыт кетеді. Оған арадағы тасымалын қосыңыз. – Ал біз шикізатты тікелей осы жерде өңдеп жатырмыз. Сон­дықтан толықтай Қазақ­стан­да өңделген өнім деп айтуға болады. Тағы бір артықшылығы, қапқа оралған соң тұтынушының қолына жеткізіледі. Оның баға­сы да қарапайым халықтың қал­тасына тиімді болады деп ойлай­мын, – дейді өндірістік кооператив төрағасы Гаджи Гаджиев. Келешекте кооператив өз өні­мін көрші елдерге де экс­порт­қа шығармақшы. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы