ҚАРАҒАНДЫ. 24 сәуір. Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің (ҚМИУ) бірінші курс студенті Сүндет Тұрсынбек «Ұрпақтар аралығындағы «Жасыл» көпір» атты халықаралық студенттер форумында жүлдегер атанды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен форумға Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Ұлыбритания сынды шет мемлекеттерден және Қазақстаннан 22 университеттің 300-ден астам студент жастары келіп қатысқан. Жас зерттеушілер сарапшылар тақысына 200-ден астам баяндама ұсынды.
Сүндет Тұрсынбек ҚМИУ-да «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алады. Теміртауға ол Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданынан келген. Форумда болашақ ғалым «Жасыл» экономикаға көшу: білім беру, ғылым және өндірістің өзара іс-қимылы» секциясында баяндама жасаған болатын.
Жиын қорытындысында қазылар арқасы теміртаулық студенттің «Арал мен Семейдің экологиялық мәселелері. Теңізді құрғатудың математикалық үлгілері» атты жұмысын үшінші жүлдеге лайық деп таныды.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеттің баспасөз қызметі.
• 24 Сәуір, 2016
Теміртаулық студент халықаралық форумда жүлдегер атанды

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48