Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Таза қала – бақытты қала» атты жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев ағаш егу жұмысына қатысып, сенбілікке шыққандармен және қала жастары өкілдерімен әңгімелесті.
Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте таяуда бірқатар шет мемлекеттерге жасаған сапары жөнінде айтып берді.
– Бір ай ішінде мен жетекші елдер басшыларының бәрімен дерлік кездесу өткіздім. Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит өтті, оған 50-ге жуық елдің мемлекет басшылары мен үкімет басшылары қатысты. Солардың көпшілігімен кездестім. Жақында Ыстанбұлда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының саммиті өтті, оған 57 мемлекеттің көшбасшысы қатысты. Олармен де кездесулер болды. Осы іс-шараларда Қазақстанның түрлі мәселелер бойынша ұстанымы мен елде жүргізіліп жатқан реформалар баян етілді. Бұл ретте біздің еліміз бен оның бастамалары туралы бүкіл әлем білетінін атап өткен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорданы көгалдандыру аясында қаланың айналасында 70 мың гектар ағаш отырғызылғанын, ал оның ішкі бөлігінде жыл сайын саябақтар мен гүлзарлар пайда болып жатқанын атап өтті.
– Қазақстанмен бірге Астана да ажарланып келеді. Оны бүкіл әлем жұрты біледі. Келер жылы, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына орай қаламыздың халқы 1 миллионға жетеді деп ойлаймын. Бұл – елорда ғана емес, бүкіл республика бойынша туу көрсеткішінің жоғары болуының нәтижесі. Астанада тұрғындар саны 3-4 миллионға жетсе, ғылым мен білімнің, технологияның, медицинаның одан әрі дамуына бұдан да зор үлес қосылады, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.
– Егер әрбір азамат, әсіресе, жастар елді мекендерді тазарту және ағаш отырғызу жұмыстарына қатысатын болса, онда әр ауыл, аудан, қала және олармен бірге бүкіл еліміз де көркейе түседі. Тұрмысы төмендер мен жетімдерге көмек көрсету де аса маңызды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын біз осындай нақты іс-қимылмен қарсы алуға тиіспіз. Біздің керемет байтақ еліміз бар, оның жеріне ағашты көп егуіміз қажет, ол халықтың денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Өз елін сүйетін адам оның игілігі үшін жұмыс істеп, болашағын ойлайды, – деді Мемлекет басшысы.
* * *
Сенбілік қаланың санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі экологиялық айлығы аясында өткізіліп отыр. Оған 4 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйымнан, 200-ден аса денсаулық сақтау және білім беру мекемесінен, 130 мемлекеттік мекеме мен ведомстводан және ұлттық компаниялардан 100 мыңнан астам адам қатысты.
Сенбілік барысында 16 мыңдай ағаш егілді. Сонымен қатар, Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендері арналарын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатымен экологиялық акция өткізілді.
Қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі экологиялық айлық 18 сәуірден 18 мамырға дейін жалғасады.
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Бүгін, 21:46
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Бүгін, 21:12
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Бүгін, 20:51
Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 20:28
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07