Жақып Қажманұлы АСАНОВ
1963 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы бар. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасында тағылымдамашы болып жұмыс істеді, Қызылорда облыстық прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Бас прокуратураның аға прокуроры, бөлім бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде консультант, сектор меңгерушісі, Бас прокуратураның департамент бастығы, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Павлодар облысының прокуроры болды. 2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі. Әр жылдары Қазақстанның кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағын, «Қазақстанның коммуналдық жүйелері», «Ордабасы корпорациясы» акционерлік қоғамдарын басқарды. Төртінші және бесінші шақырылымдардағы Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 2012 жылғы қыркүйектен – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше