27 Сәуір, 2016

Бойымызға күш-қуат береді

591 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Оразалин Айдос Ырсымбекұлы«Біз – қазақстандықтармыз! Біз – Үлкен Ел, Үлкен Отбасымыз. Қа­зақ­станның мәңгілік мекені – Ұлы Дала еліне бата қонып, бақ дары­сын! Кең-байтақ жеріміз, дарқан еліміз бар. Қолдаймыз, қор­ғаймыз. Бұл сөздерді әрқашанда мақ­танышпен айтамыз. Қазақстан хал­қы Ассамблеясының сессиясы- Пат­риоттық акті қабылдау арқылы бей­бітшіліктің жаңа кезеңіне қадам жаса­ды», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келі­сім. Болашағы біртұтас ұлт» тақы­ры­бында ашылған XXIV сессиясында. Иә, Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы – әрбір қазақстандықтың, әрбір қазақ баласының жүрегінде деп ойлаймын. Бұл патриоттық сезімді жас ұрпақтың санасына сіңіру, әрине, біздің үлкендердің мақ­­саты. Бұл еліміздің алдағы бо­ла­­шағына деген патриоттық се­німнің беріктігіне бүгіннен-ақ не­гіз бола алады. Астанадағы Бей­бітші­лік және келісім сарайында Қазақ­стан халқы Ассамблеясының Төраға­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың төр­аға­лығымен «Тәуелсіздік. Ке­лі­­сім. Болашағы біртұтас ұлт» ат­ты мәртебелі жиынды бұқара­лық ақпарат құралдары арқылы көріп біліп, тыңдап отырдық. Ас­сам­блея XXIV сессиясының қоры­тын­дысы бойынша «Мәңгілік Ел» жал­пыұлттық патриоттық акті­­сі да жария етілді. Біз мемле­ке­т­тік тілді қоғамды біріктірудің негі­зі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабі­лет­тілігінің басты шарты ретін­де да­мыту қағидатын ұста­на­тын бола­мыз. Осы алқалы жиында Елба­сы та­ғы да жақсы, салиқалы, әр­бір қазақ­­тың жүрегіне жететін ой­лы, ой­­ла­н­татын сөздер айтты. Жер­дің мир­ас екенін жеткізді. Мәң­гі­лік Ел де­­ген ұрпақтан ұрпақ­қа, ата­дан ба­ла­­ға, немере, шөбереге жал­ға­са­тын Ұлы Дала жолы екенін еске салды. «Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы есімізде сақ­талады деп ойлаймын, өйткені бұл күннен бастап еліміздегі бей­біт­шілік пен келісімнің жаңа кезеңі ашылады. Біз «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін салтанат­ты жағдайда қабылдадық. Сол үшін, осынау тарихи шешім қабыл­дағандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді», – деді Елбасы. Жалпы, Патриоттық акті маз­мұнында айтылғандай, Елбасы­мыздың көшбасшылығымен еліміз­дің жаңа тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді. Қазір біздің қуатты еліміз бар, біздер сол елдің азаматымыз деп қай жерде болсақ та мақтанышпен айта алатын күнге де жеттік. Өйткені, біздер әртүрлі ұлт өкілдері бас қосып, бір ел, бір тағдыр жолында Болашағы Біртұтас Ел – Мәңгілік Елді құру жолында бірге келе жатырмыз. Әркім өз Отбасының амандығын сақтайды, сол арқылы үлкен мемлекетке қорған болады. Ұлтымызға тән қонақжайлық және еңбексүйгіштік қасиеттері, жалпы ғаламдық тұрақтылық, қауіпсіз­дік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдарымен қосылып нығаяры сөзсіз. Мәңгілік Ел – ұрпақ­тан ұрпаққа аманат екені онсыз да түсінікті. Келешек ұрпақ, өсіп келе жатқан сәби құлағында Мәңгілік Ел, Тәуелсіздік, Астана деген сөздер жүретінімен де ба­қыт­ты. Астанамен мақтана­ды. Жалпы, Отансүйгіштік, Мәңгі­лік Ел, Жалпыұлттық бірлік, бейбіт­шілік пен келісім мақсаты – біздің күнделікті жұмысымызбен әрқашан бірге ғой. Наурыз айында қаламызға «Менің Қазақстаным» пойызы аялдады. «Нұр Отан» партиясы қалалық бөлімшесінде өткен дөңгелек үстелге қалалық және аудандық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл күндері «Нұр Отан» партия­сы қалалық филиалында 11850 мүше бар болса, 55 бастауыш ұйы­­мы жұмыс атқаруда. Партияға мү­шелердің дені – кеншілер, жұмыс­шылар. Олар қаламызда орналасқан Ақсу ферроқорытпа зауыты мен «Еуроазиялық энергети­ка­лық корпорациясы» АҚ-та еңбек етеді. Бүгінде партияның қалалық филиалы жылдық жоспарға сәйкес жұмыс атқаруда. Атап өтсек, әртүр­лі салаларға бағытталған 12 жоба жүзеге асырылуда. Оларға қала­лық мәслихат депутаттары жетек­ші­лік етеді. Мәңгілік Ел, бұл – Инно­вация негізіндегі тұрақты Экономикалық өсім деген осы. Кен­шілер мен энергетиктер қаласы еліміз­дің индустриялық және инно­ва­циялық күш-қуатының дамуы­на үлес қосуда. Барлық табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқып­тылықпен қарап еңбек етуде. Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы болса, еліміздің барлық табыстары мен жетістіктері қазақстандықтардың күн сайынғы еңбектерінің нәтижесі екені белгілі. Өйткені, елімізде Еңбек Адамына деген құрмет сақталған. Сонымен қатар, Елбасы осынау акті арқылы барша қазақ­стан­дықтардың достық, бейбіт­шілік пен келісімнің бірыңғай құжаты қабылданғанын атап өтті. «Патриоттық актіде ұлы құнды­лықтар қамтылып отыр. Ондай құндылықтар – біздің халқымыздың ерік-жігерінің, дана шешімінің көрінісі. Акт кабинеттерде ойлас­ты­рылған құжат емес, ол – Тәуел­сіздігіміздің жемісі», – деді Елбасы. Біз осыған қуанамыз. Айдос ОРАЗАЛИН, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Павлодар облысы, Ақсу қаласы