22 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1499

426 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2010 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидасын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2010 жылғы 31 желтоқсандағы  №1499 қаулысымен бекітілген Табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіп­орынның өткізу қағидасы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтар мен олардың уыл­дырығын (бұдан әрі – Өнім) мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі – Субъект) Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі нарығына өткізу тәртібін анықтайды. 2. Өнімді өткізу тәртібі 2. Өткізуге ұсынылатын Өнімнің түр-түрін Субъект жүзеге асыратын қызметінің бағытына сәйкес дербес айқындайды. 3. Субъект Өнімді сақтау және сату кезінде балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі жө­нін­дегі техникалық регламентке сәйкес, санитар­лық-эпидемиологиялық қағидалар мен норма­лар­ды, гигиеналық нормативтер мен талаптарды сақтайды. 4. Субъектке Өнімді дайындау, сақтау және өт­кізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ветеринария сала­сындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеу нөмірі беріледі. 5. Өнімді өткізу кезінде Субъект Өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау туралы ақпаратты сатып алушының назарына жеткізеді және тұтынушыға оның талап етуі бойынша сәйкестік туралы сертификат немесе декларация және Өнімнің қауіпсіздігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны ұсынады. 6. Затбелгілерде, қосымша парақтарда және орама материалдарының стикерлерінде Өнімнің түрлері ескеріле отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде: 1) атауы, салмағы, бір килограмының немесе бір бірлігінің бағасы туралы; 2) Өнімнің тағамдық құндылығы (құнар­лылығы, құрамындағы ақ уыз, май, көміртектер) туралы; 3) дайын Өнімді дайындау тәсілдері мен шарт­тары (концентраттар мен тамақ өнімдерінің жартылай фабрикаттары үшін) туралы; 4) сақтау мерзімдері мен шарттары және жарамдылық мерзімдері туралы; 5) Өнімнің дайындалған күні мен оралған күні туралы; 6) Өнімнің құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі. 7. Субъект қажетіне қарай, бірақ жылына екі реттен асырмай жануарлар дүниесін қорғау, өсі­мін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Өнім­нің тізбесі бойынша жоспарланып отырған бағаларды көрсете отырып ұсыныс енгізеді және негіздейтін құжаттарды ұсынады. 8. Уәкілетті орган Субъект ұсынған ұсынысты және негіздейтін құжаттарды қарас­тырып, Заңның 11-1-бабы 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне Субъект өткізетін дайын Өнімнің бағасын бекіту бо­йынша ұсыныс енгізеді. 9. Өнім міндетті түрде алдын-ала ақы төлеу шартымен қатаң есепке алу құжаты болып та­былатын тауар-көліктік жүкқұжат бойынша Субъектінің қоймасынан ғана өткізіледі. 10. Өнімді Субъектіден сатып алған жеке және заңды тұлғалар оны одан әрі қайта өңдеуді және өткізуді дербес жүзеге асырады. 11. Тауар-көліктік жүкқұжат Өнімнің Субъек­тіден сатып алынғанын растайтын құжат болып табылады. 12. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалан­баған уылдырығын өткізуге жол берілмейді. 13. Ішкі және сыртқы нарықта бекіре тұқым­дас балық түрлерінің уылдырығын сату үшін таңбалау уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады. 14. Өнімді Қазақстан Республикасынан тыс­қары шығаруға рұқсат уәкілетті орган бекіткен Әкімшілік органның құрып кету қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібі туралы ережеге сәйкес беріледі. 15. Тірі күйінде бекіре тұқымдас балық түр­лерін, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақ­стан Республикасынан тысқары жерге өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жүзеге асырылады.