ҚОСТАНАЙ. 27 сәуір. Қостанайдағы Алтынсарин көшесінде оналасқан Балалар шығармашылығы үйінің қасында 74 жыл бұрын дәл осы жерден майданға аттанған №151 атқыштар бригадасын еске алу митингісі болды. Онда қостанайлықтар ерлікке тағзым етті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Митингіге дейін осы шара құрметіне велошабандоздар Қостанай қаласы көшелерімен жүріп отырып, қала сыртындағы Кеңес Одағының батыры Илья Сьяновтың бейтініе гүл шоқтарын қойды. Онда соғыс және тыл, еңбек ардагерлері де болды. Қостанайлық үлкен-кіші жиналған осы алаңнан 1942 жылы 26 сәуірде 151-ші арнайы атқыштар бригадасы Ұлы Отан соғысына аттанған болатын. Кейін атқыштар бригадасы 150-ші атқыштар дивизиясы құрамына енеді. 1945 жылы 8 мамырда Берлиндегі Рейстахқа ту тіккен жауынгерлердің арасында Қостанайда негізі қаланған151-ші атқыштар бригадасының жауынгерлері де болды. Сондағы бір ротаны қостанайлық Илья Сьянов басқарған болатын. Ал Рейстахқа ту тіккен қазақ Рақымжан Қошқарбаев 150-ші атқыштар дивизиясының құрамында болғаны аян. Митингіде алдымен соғыс ардагері, 90-нан асқан Михаил Иванович Подоляков сөз алды. Ол: «Облыстық және қалалық ардагерлер кеңесі жергілікті биліктің қолдауымен биыл 9-шы рет осы Қостанайда құрылып, майданға аттанған 151-ші арнайы атқыштар бригадасы ерлігіне тағзым үшін веложарыс ұйымдастырып отырмыз. Аталар ерлігін білмей, жастарды патриоттық сезімде, отанды сүюге тәрбиелей алмаймыз. Ұлы Отан соғысы жылдары қостанайлықтар да оққа кеудесін тосты. Рейстахқа ту тіккен 150-ші атқыштар дивизиясының сүйегі Қостанайда қаланған еді. Ерліктің тарихын біліңдер, тарихқа да, ерлікке де тағзым етіңдер», – деді. Мұнан кейін қостанайлық жастар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкин сөз алып, жастарды ерлікке тағзым етуге шақырды. Патриоттық әндер шырқалды. Ерлікке тағзым жастар жүрегінде Отанға деген патриоттық сезімді оятқаны аян. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: egemen.kz.

Тарих • 27 Сәуір, 2016
Қостанай халқы 151-ші атқыштар бригадасы ерлігіне тағзым етті (фото)
Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20