Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ел мақтаныштары» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Аталмыш рухани ордаға жиналған қауым мен көрме қонақтары тәуелсіз еліміздің дамуына ерен еңбек сіңірген танымал тұлғалардың фотобейнелерін тамашалау бақытына ие болды.
Бұл фотокөрмені Мәдениет және спорт министрлігінің, Астана, Алматы қалалары, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен, Ұлттық академиялық кітапхана мен «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігі бірігіп ұйымдастырып отыр.
Көрмеде Халық қаһарманы, Қазақстанның Еңбек Ері атақтарына ие болған тұлғалардың, Олимпиада чемпиондары, мәдениет пен экономика салаларындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаттары және өнер майталмандарымен қоса, зиялы қауым өкілдерінен құралған бірқатар азаматтардың суреттері қойылған. Мәселен, Халық қаһармандары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов, Бақытжан Ертаев, Мұхтар Алтынбаев сынды ағаларымыз да бар.
Адам – күрделі туынды. Онға жуық кәнігі фотографтар мен фототілшілердің қас-қағым сәтті қырағы шеберлікпен шынайы әрі еш боямасыз табиғи қалыпта түсіріп алған суреттері көрме қонақтарының көңілінен шықты деуге толық негіз бар. Атап айтсақ, Асылхан Әбдірайымов, Оңғарбек Алқаров, Мұхтар Холдорбеков, Тұрар Қазанғапов, т.б. Оның ішінде жас болса да өзіндік қолтаңбасымен елге танылып жүрген біздің әріптесіміз Ерлан Омаровтың да шоқтығы биік фотосуреттері қойылған екен.
Мұндағы бір ерекшелік, бұл фотосуреттер бұрын-соңды жарияланбаған және көрмеге тұңғыш рет қойылып отыр. Жобаның түпкі мақсаты – болашақ ұрпаққа арнап еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жыл ішінде болған мемлекеттік, қоғамдық және рухани маңызы бар оқиғалардың фотошежіресін жасау екен. Ізгі ниетке ақ жол тілейміз.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ

Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54