28 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы №138

359 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
2015 жылғы 26 ақпан, Астана қаласы «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитет заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ____________Т. Дүйсенова 2015 жылғы 2 наурыз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №138 бұйрығымен бекітілген «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар 1. Негізгі ережелер 1. «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) зираттарды пайдалануға және күтіп ұстауға, мәйіттерді жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды. 2. Осы санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: жерлеу бюросы, жерлеу қызметін көрсететін бюро-дүкендер – азалы рәсімдер жүргізу үшін тауарлар өткізу және қызмет көрсету жөніндегі объектілер; зират – мәйіттерді жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ; зираттық кезең – мәйіттерді минералдау процестері аяқталатын уақыт; көму (жерлеу) – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, қайтыс болған адамның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыпқа және салт-дәстүрге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, табытқа) жерлеу немесе сүйегі (күлі) бар урнаны қабірге, табытқа жерлеу арқылы отқа жағу (кремациялау) бойынша әдет-ғұрып әрекеттері; сүйек – мәйіттің шірімеген қалдықтары. 2. Зираттарды, жерлеу мақсатындағы объектілерді жобалауға және пайдалануға енгізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 3.Зираттарды мынадай: 1) сумен жабдықтау көздері мен минералды бұлақтарды санитариялық қорғану аймақтарының бірінші және екінші белдеулерінің; 2) курортттарды санитариялық қорғанудың бірінші аймағының; 3) су басатын, сырғымаларға және құламаларға бейім, батпақты учаскелерге; 4) шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік, шомылу және басқа да мәдени-сауықтыру іс-шаралары үшін халық пайдаланатын І және ІІ санаттағы су қоймаларының жағалауларында; 5) күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз пункттерін; 6) гамма-сәуленің тиімді дозасының қуаты ашық жерлерде доза қуатынан сағатына 0,2 микроЗиверттен асатын аумақтарда орналастыруға жол берілмейді. 4. Зираттар зираттың қоршауынан есептегенде: 1) бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаторлық-курортты аймақтарға дейін – кемінде 300 метр; 2) су көзін санитариялық қорғау аймақтарының белдеулері мен сүзу уақытын есептеулерімен арақашықтықтың жеткіліктілігін растай отырып, халықты ауызсуымен жабдықтау көзіне дейін – кемінде 1000 метр. 5. Жабық зираттарға арналған санитариялық қорғау аймағының көлемі зираттық кезең аяқталғаннан кейін де қысқартылмайды. 6. Жерлеудің жалпы алаңы зираттың жалпы алаңының 65-70 пайызы қабылданады. 7. Зиратқа арналған учаскенің тұрған орны және оның көлемі елді мекенді жоспарлау және салу жобасында зират аумағын тікелей ол жабылғаннан кейін саябақ немесе бақ салуға пайдалану мүмкіндігін ескере отырып көзделеді. 8. Жерлеу бюролары, жерлеу қызметін көрсететін бюро-дүкендер тұрғын және қоғамдық ғимараттардан кемінде 50 метр қашықтықта бөлек тұрған ғимараттарға орналастырылады. 9. Зират аумағы және жерлеу қызметін көрсететін ғимараттарға кіреберістер қоқыс жинауға арналған урналармен, қоқыс жинағыштарға өту жолы бар алаңдармен қамтамасыз етіледі. Қоқыс жинағыштарға арналған алаңдар қоршалады және қатты жабыны болады. 10. Қабір түбінен жер асты сулары тұратын деңгейге дейін кемінде 0,5 метр есебінен қабылданады. 11. Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы және басқалары) болмаған жағдайда, жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда қайта жерлеуге жол беріледі. 12. Сүйек алынған жағдайда қабір дезинфекцияланады және топырақ себіледі, ал қабірден алынған сүйек қақпақты жәшіктерде тасымалданады, табыт жәшікке салынады және жаңа орынға тасымалданады. Жерлеу жүргізілген табыт зақымданған (сақталмаған) жағдайда, табыттың қалдықтары арнайы бөлінген орындарда өртеледі. 13. Қайта жерлеумен айналысатын адамдар: сіреспеге және күйдіргіге қарсы егіледі; арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен (резеңке етік, резеңке қолғап, респиратор немесе ауыз бен мұрынды жабатын дәке таңғыш, комбинезон) қамтамасыз етіледі. 14. Арнайы киімді үй жағдайларында жууға және залалсыздандыруға жол берілмейді, ал жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын құрал зираттан тыс шығарылмайды. 15. Арнайы киім және арнайы аяқ киім эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда тазартылуға және дезинфекциялануға жатады немесе өртеледі. Дәке таңғыштар эксгумация бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін өртеледі. 16. Эксгумацияланған қалдықтарды тасымалдағаннан кейін көлік дезинфекциялануға жатады. 17. Этиологиясы белгісіз инфекциялардан және аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдарды жерлеу мырышталған, тұмшаланып дәнекерленген табыттарда жүргізіледі. 18. Зиратты және қабірлерді көшіру кезінде аумақтарды (учаскелерді) рекультивациялау жүргізіледі. Тұрғын үй аумағын жоспарлау үшін қабірлердің жойылатын орындарының топырақтары пайдаланылмайды. 19. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұрын белгісіз болған қабірлер анықталған жағдайларда мәйіттің сүйектерін қайта көму және аумақты рекультивациялау қажет. 20. Зираттардың аумағы оны көшірген сәттен бастап жиырма жыл өткен соң пайдаланылады. Аумақ бұл жағдайларда тек жасыл көшеттер үшін ғана пайдаланылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10646 болып енгізілді.