АСТАНА. 28 сәуір. Қытайдың Шанхай қаласында қайтыс болған жандарды жерлеудің жаңа тәсілі шықты. Яғни, бақилық болған адамның мүрдесі өртеліп, күллі биологиялық тыңайтқышқа айналып кететін ыдысқа салынады. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жергілікті билік мүрдені жерлеудің жаңа тәсілі қытайлықтар үшін өте тиімді әрі арзан дегенді айтты. Ал қайтыс болған адамға үлкен мегаполистегі зиратта орын жоқ болғандықтан, жаназа шығарумен айналысатын жергілікті бюро қымбат емес экологиялық қызмет түрін ұсынуда.
«Мүрдені аталған ыдысқа салғаннан кейін оның үстіне гүл отырғызуға болады. Үш айдан кейін барлығы топыраққа сіңіп кетеді», – деді жерлеу қызметін көрсететін бюро мамандары.
Қазіргі таңда Шанхай билігі тұрғындарды осы тәсіл арзан әрі экологиялық таза деп үгіттеуде. Тіпті олар осы жолды таңдаған тұрғындарға ақшалай жеңілдік жасайды.
Бүгінде экологиялық жерлеу тәсілін 30 пайыз халық құптауда. Өйткені, Қытайда қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып салу тым қымбатқа түседі.
Айта кетейік, шанхайлықтар үшін тағы бір тәсіл бар. Жаңа технология бойынша сүйекті өртеп, күлге емес, 150-дей шағын кристалға айналдырып, оны үйге сақтап қоюға немесе алқа, сырғаның тасын жасауға болады.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: 24.kz.

Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05
Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше