28 Сәуір, 2016

Балалар сурет арқылы жемқорлыққа қарсылық білдіреді (фото)

2682 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
 ҚОСТАНАЙ. 28 сәуір. Қостанай облысындағы мектептерде «Адал және сатылмайтын жұмыс бейнесі» атты балалар суреттерінің облыстық байқауы өтті. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оған Қостанай облысының қалалар мен аудандарының жалпы білім беру мектептерімен 65 жұмыс ұсынылды. Жұмыстар сарапшылар тарапынан жалпыға ортақ еңбек, адалдық идеясын және мәнеіз-құлық нормасын балалардың сурет арқылы қаншалықты көрсетіп бере алуы тұрғысынан бағаланды. Соынмен қатар, автордың таңдаған тақырыбының өзектілігі, қолданған дизайны мен технология шеберлгі де ескерілді. Осылайша, жалпы білім беру мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында «Адал және сатылмайтын жұмыс бейнесі» конкурсының жеңімпазы Қостанай қаласындағы №17 мектебінің 5 сынып оқушысы Крижановский Владимир депи танылды. Екінші орынды №3 мектептің 6-шы сынып оқушысы Овчаренко Алина алса, үшінші орын Жітіқара ауданының Құсақан негізгі мектебінің 5-ші сынып оқушысы Келмұхамбетова Динараға бұйырды. Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас маманы Диас Ахметжанов: «Іс-шара бейнелеу өнері арқылы балалар бойында адалдық дәнін егуге, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі мәдениетін қалыптастыруға, біреудің ала жібін аттамауға тәрбиелейді» – деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: egemen.kz.