28 Сәуір, 2016

Қостанайда белгілі кәсіпкер қайтыс болды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-04-2016-dep_shepҚОСТАНАЙ. 28 сәуір. Қостанайда белгілі кәсіпкер, «ДЕП» сүт зауытының директоры Евгений Петрович Дружинин 53 жасында қайтыс болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Евгений Дружинин Қостанай өңірінде тамақ өнеркәсібінің, жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу өніркәсібінің дамуына қомақты үлес қосқан кәсіпкер болатын. Ол «ДЕП» сүт зауытының негізін қалағаннан бастап, оны өмірінің соңына дейін басқарды. Аталған сүт зауытының сапалы өнімін тек Қостанай өңірі ғана емес, Қазақстанның көптеген облыстары пайдаланады, оның өкілдіктері бірнеше облыстарда бар. Зауыт өнімін Ресейге де экспорттайды. Көптеген көрмелерге қатысып, жүлделі оралып жүрді. Евгений Петрович «Дастарханда қоспасы жоқ тек табиғи өнім, азық болуы тиіс» деген ұстанымда болатын. Шебер ұйымдастырушы соңғы жылдары Қостанай қаласының іргесіндегі Затобол кентінен көпке сақталатын нан өндіретін заманауи зауыт құрылысын да бастап еді. Амал не, істі аяқтауға оның өмірі жетпеді. Кәсіпкер «Мен аса түсінбесем де, еліміздің қазақ тілді басылымдарына құрметпен қараймын» дейтін. «Егемен Қазақстан» газетіне де осы сөзді арнап еді. Марқұм өзінің туған жері Рудный қаласында жерленеді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: egemen.kz.