Ел экономикасын дамытуды қамтамасыз етудің негізі – тиімді көлік-логистика инфрақұрылымын құру
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті еліміздің Инвестициялар және даму министрлігінде көшпелі отырыс өткізді. Отырысқа аталған комитет төрағасы Роман Скляр жетекшілік етті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Онда Қазақстан экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі бағыты ретінде тиімді көлік-логистика инфрақұрылымын құру мәселесі әңгіме өзегіне айналды. Айта кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуда ең алдымен көлік-логистика саласын жолға қоюға айрықша назар аударылған. Талқыланатын тақырыптың маңыздылығын негізге алған Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко көшпелі отырысқа өзі қатысып, өзекті мәселелерді қозғады. Ол «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын заңнамалық қолдау тұрғысынан атқарылған жұмыстарды сөз ете келіп, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, көліктік логистика және әуе тасымалына қатысты қабылданған заңдардың басымдықтарына тоқталды. Сондай-ақ, В.Божко ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап кәсіпкерлік қызмет пен іскерлік белсенділікті арттыру, аймақтардың экономикалық өсімін ынталандыру, еңбекпен қамту, соның ішінде, көлік және логистика саласын нығайтуға арналған заңдық құжаттарды айта келіп: «Бұл заңнамалық нормалардың барлығы көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыруға отандық өндірушілер мен тұрғындарды кеңінен тартуға жол ашады. «Нұрлы Жол» бағдарламасында атап көрсетілгендей, көлік-логистика инфрақұрылымы еліміз өңірлері арасындағы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда, сондай-ақ, қазақстандық тауарды әлемдік нарыққа экспорттауда негізгі жетекші құрал болу керек», деді. Одан әрі Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек баяндама жасап, осы салада атқарылған жұмыстар мен алға қойылған мақсаттар жайында әңгімеледі. Талқылау барысында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті мүшелері еліміз өңірлеріндегі жолдардың адам төзгісіз жағдайына қатысты арнайы әзірленген бейнетаспаны көрсете отырып, министрлік өкілдерінен нақты жауап алды. Шараға Мәжіліс депутаттарымен қатар, Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Самұрық-Қазына», «Қазақстан темір жолы», «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше