Соңғы кездері қоғамның кейбір топтарын жер мәселесі орынсыз алаңдатып отыр. Бұл жағдайға көңіл аударып, алаңдаушылық білдіріп жатқандарды түсінуге де болады. Ел мен жердің тағдырына бей-жай қарамай, еркін елдің ұландары өз ойларын, пікірлерін ашық білдіріп жатқаны да жөн шығар. Өйткені, жер дегеніміз қазақтың жаны. Ұлтымыздың басты байлығы саналатын осынау ұлан-байтақ жерімізді халқымыз туған Анасынан кем көрмейді. Әйтсе де, бұл мәселедегі түсінбестік, жағдайды тереңірек білмеушілік әлі де біздің кейбір азаматтарымызды шатастырып жатқан сияқты. Кеше ғана Астана төрінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев соңғы кездері Қазақстанның жерін шетелдіктерге сату туралы жалған ақпараттың ұдайы таратылуы салдарынан жер мәселесіне қатысты алаңдаушылық көбейгенін қадап айтты.
«Мұның шындыққа жанаспайтыны бірнеше рет түсіндірілді. Тағы да айтқым келеді – ауыл шаруашылығы жерлерін шетел азаматтарына және компанияларына сату туралы мәселе жоқ, талқыланбайды да. Бұл тақырыптың төңірегіндегі алып-қашпа әңгіменің бәрі негізсіз. Біздің мақсат – ауыл шаруашылығымен айналысатындарға жекеменшігіне жер алу мүмкіндігін беру. Егер олар жерге иелік ететін болса, оны күтіп-баптап, қадірлейтін болады. Жер – ата-бабамыздан мұраға қалған біздің басты байлығымыз», – деді Қазақстан Президенті.
Міне, Елбасының осы сөзі бұл мәселенің түйінін тарқатып бергендей. Елбасы айтқандай, жер жалға берілуін қолдаймын. Шынында жер бос жатпауы тиіс. Ол табыс әкелуі қажет. Сондықтан бұл қадам жерге, елге деген жанашырлықтан туындап отырғаны анық. Бұл қадам еңбек етемін, жерден несібе табамын деген жандарға жаңаша мүмкіндік береді. Әйтсе де, әр нәрсеге байыппен қарау қажет. Жер – ешқашанда сыбайлас жемқорлардың саудасына айналмауы тиіс.
Елімізде Тәуелсіздік туының желбірегеніне 25 жылға аяқ басты. Осынау 25 жылдың басты жаңалығы – жаңа сана қалыптасты. Жан-жақты ойлайтын жастарымыз өсіп келеді. Міне, сол жастардың жерге деген, жер өңдеуге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Қашанғы елдің бәрі заңгер, қаржыгер, бизнесмен бола берсін?! Жастардың еңбек етуге деген ықыласын ояту қажет. Осы жағынан келгенде елімізде қолға алынғалы отырған бұл бастаманы қолдауға әбден болады.
Арғынбай БЕКБОСЫН,
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ТАРАЗ
• 29 Сәуір, 2016
Еңбек етемін деген адамға жаңаша мүмкіндік береді

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті
Бокс • Бүгін, 12:02
Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында Иордания боксшысынан жеңілді
Бокс • Бүгін, 11:40
Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 11:27
Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30