Соңғы күндері «Нұр Отан» партиясының аймақтағы филиалдары есеп беру-сайлау конференцияларын өткізіп жатыр. Өткен жылдың қорытындысын шығарып, жаңа құрамын сайлап, болашақ бағдарын белгілеп алу партияның қашаннан бергі дәстүрі. Бұл дәстүрден Сыр бойындағы нұротандықтар да сырт қалған жоқ.
Бұрнағы күні «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы есеп беру-сайлау конференциясын өткізді. Оған Астанадан арнайы ат арытып «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі бюросының мүшесі, Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Парламент Мәжілісінің депутаты Қылышбай Бисенов, Парламент Сенатының депутаты Бақберген Досмамбетов келіп, қатысты.
Конференциядағы алғашқы сөз Қызылорда облысының әкімі, «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының мүшесі Болатбек Қуандықовқа тиді. Аймақ басшысы облыс шеңберінде атқарылған ауқымды істердің айтулыларына тоқталды.
Бүгінгі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының облыстық конференциясы өңірдің өркендеуіне серпін беретін саяси шара болып отыр, деп бастады Болатбек Баянұлы сөзін. Аймақ халқының әл-ауқатын арттыру мен облыс экономикасын нығайту бағытындағы жұмыстарға серпін беретін үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырып келеміз. Экономикалық идеологияға айналған бастама аясында былтыр аймақта бірқатар кәсіпорындар іске қосылып, мыңдаған адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының халықтық Тұғырнамасымен бірге ХІІ съезд алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда партияның белсенді мүшелерінің жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыстар атқаруының және аймақ халқының ерен еңбегінің арқасында облыс экономикасының барлық салалары қарқынды дамып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді, деді ол.
Облыс басшысынан кейін сөз алған «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Құдайбергенов партия атқарған істерге тоқталды.
Бүгінде «Нұр Отан» партиясынан араша сұрап, әділеттілік іздеп келетіндер көп. Бұл – партияның ел арасындағы беделінің нақты көрсеткіші. Қызылорда облысында партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесі жұмыс істейді. Жыл бойына аталған кеңеске халық тарапынан 20 жазбаша, 25 ауызша арыз-шағым түскен. Арыздың бәрі бүге-шігесіне дейін қаралып, тиісті орындарға жіберілген. Оның басым бөлігі оң шешімін тапқан. Сонымен қатар, облыс шеңберінде партияның 245 партиялық бақылау бекеттері бар. 735 мүшесі бар аталған бекеттер «бармақ басты, көз қыстыны» қадағалап, мемлекет қаржысының ысырап болмауын бақылап отыр. «Халық – Құдайдың бір аты» дейді қазақ. Ал «Нұр Отан» сол халықтың сенімі үшін жұмыс істеп жатыр.
Конференция барысында «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы Сапура Әбдірахымова да сөйледі. Оның сөзі де көпшілік көңілінен шықты.
Конференция кезінде «Нұр Отан» ХДП «Тұран» филиалының төрағасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Байзақ Момынбаев, Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал бастауыш ұйымының төрайымы Гүлжәмила Тоқтарбекова, Қызылорда қалалық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты кеңесінің атқарушы хатшысы Еркебұлан Меңлібаев жарыссөзге шықты. Алқалы жиынның соңында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов құттықтау сөз айтты. Содан кейін «Нұр Отан» ХДП Қызыорда облыстық филиалы саяси кеңесінің 37 адамнан тұратын құрамы сайланды. Сондай-ақ бақылау-тексеру комиссиясының да құрамы бекітілді. Ал Бақытжан Жұмағұлов осыған дейін облыстық филиалды басқарып келген Нұрлан Құдайбергеновтің кандидатурасын төрағалыққа қайта ұсынды. Конференцияға келген делегаттар Нұрлан Баязитұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Ержан БАЙТІЛЕС.
Қызылорда.

Банк • Бүгін, 14:54
Астанада екі жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті
Қоғам • Бүгін, 14:50
Иран Ормұз бұғазына байланысты мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 14:37
Астанадағы «AMANAT» партиясының маңдайшасы «Әділет» деп өзгерді
Қоғам • Бүгін, 14:10
Әл-Фарабидегі жол апаты: Полицей адвокатсыз жауап беруден бас тартты
Заң • Бүгін, 13:50
Президент АҚШ Қаржы корпорациясының атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:38
Бүгін – Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл
Тағзым • Бүгін, 13:27
Бозжырада «Доспехи Бога 4» фильмінің түсірілімі басталды
Кино • Бүгін, 13:20
Канадалық компаниялар Қазақстанға неліктен қызығып отыр?
Қазақстан • Бүгін, 13:10
Жасанды интеллектіден ақыл сұрайтындар көбейді: Сіз қандай кеңесіне құлақ түрдіңіз?
Қоғам • Бүгін, 13:00
«Әділет» партиясы «AMANAT» мүшелерінің қосылуын маңызды қадам деп бағалады
Партия • Бүгін, 12:52
Курьерлік қызмет еңбек нарығына қалай әсер етті?
Қоғам • Бүгін, 12:49
«Елімай» – «Ордабасы» матчын жүргізген төреші Астана әуежайында ұсталды
Футбол • Бүгін, 12:44
Астанадағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды
Оқиға • Бүгін, 12:38
Балқаш қаласында зейнеткер қызынан ай сайын алимент алғысы келген
Оқиға • Бүгін, 12:27