30 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №238

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 21 сәуір,     Астана, Үкімет Үйі «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1361 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1361 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №82, 709-құжат). 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ